Қадіржан айналасына қадірлі еді

0
162

Ұлағатты ұстаз ақын, сазгер, әнші Қадіржан На­маздың есімі көптеген жан­дарға жақсы таныс болатын. Ол өнер саласында артында мол мұра қалдырды. Аяусыз ажал бауырымызды мүлде күтпеген жағдайда оқыстан арамыздан алып кете барды.
Қадіржан Бейісжанұлы Намаз 1953 жылы 12 қаң­тарда Алматы облы­сының (бұрынғы Талдық­орған облысы), Гвардия ауданы, Сарыөзек кентінде дүниеге келген. Кішкентай кезінен өнерге бейім болып өсті. Мектеп қабырғасында-ақ «әнші бала» атанды. Тіпті 1967 жылы Қазан төң­керісінің 50 жылдығына арнал­ған салтанатта Мәс­кеу­дің пионерлер сара­йының сахнасында ән айт­қаны да бар.
Алматыдағы Ахмет Жұ­банов атындағы респуб­ликалық қазақ мектеп-интернатынан кейін Шет тілдер институтында оқып жүрген кезінде де өнерден қол үзген жоқ. Бітірген соң осы жоғары оқу орнын­да оқытушылыққа қал­ды­­­­рылады. Институтта қыз­­мет етіп жүргенде де, Ал­­маты мемлекеттік бас­­қару академиясына қыз­­мет­ке ауысқанда да, Д.Қо­наев атындағы универ­си­­тетте дәріс оқыған ша­ғында да жүрген жері­нің гүлі болды. Ән де салды, ән де шығарды. Өзі Мадина Ералиеваға арнаған «Ақбаян», жастарға ар­на­ған «Биге шығыңдар» әнін құлшына айтатын. Ән демекші, Мұқағали  Мақа­таевтың сөзіне жазылған «Ризамын» әнін кезінде Мәдина Ералиева орындаса, кейін ұзақ жылдар   Сұлушаш Нұрмағанбетова айтып жүрді. Қазіргі таңда жас әнші Болатбек Досыбаев орындауында тың­дарманға жол тауып жүр. Сөзі мен әнін өзі жазған «Жаса, қазақ елі» әнін марқұм өзі жиі орындайтын. «Жаса, ұлы Отаным!» әнін қызы –Тоғжан, «Жаса, мәңгі Қазақстан» әнін Абай атындағы опера және ба­лет театрының әншісі, Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері Талғат Кү­зем­баев талай үлкен сахналарда орындап келеді. Сондай-ақ еліне, жеріне деген сағынышынан туған «Сағынышым, Сарыөзек» әндері туған жер төріне танымал. Құдай қаласа, бауырымның артында қалған әндері мен күйлерін топтап арнайы альбом жасау ойда бар.
Зейнеткерлікке шығып, өзінің сүйікті жұмысын жал­ғастырып, ән-күйлерін шы­ғарып, топтап жүргенде Жан­­­сүгіров қаласында тұ­ра­­­тын курстас досы «Кез­десу кешіне» шақырып, бір­ге оқы­ған достарымен кез­­­де­суде гитарасымен әнін айтып, құттықтап шы­ғып бара жатқанда түсі­ніксіз жағдайда оқыстан жы­ғылып, содан қайтыс бо­лып кете барды. Асыл ағам арманына жете алмады. Артында бес баласы, төрт немересі қалды. Пер­зент­терінің кенжесі уни­вер­ситеттің 2-курсында оқитын.
Асыл бауырым шынымен де сегіз қырлы, бір сырлы азамат еді. Марқұмның жат­қан жері жайлы, топы­­рағы торқа, жаны жәннәтта болсын!

Қарындасы
Қамаш БЕЙІСЖАНҚЫЗЫ
(Суретте: Қадыржан анамыз Тұрсынханмен бірге).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аға, сені сағындым расыменен,
Сағынышты баса алмай шығардым мен өлеңді.
Қаламымды қайғыға малып қойып,
Өлең жаздым, көзімнің жасыменен.

Барамын, деп досыңа, шығардың кеп өлеңді,
Қуанышыңды ақтардың, сағыныпсың досыңды.
Гитараңды құшақтап, төгілдің кеп, аянбай,
Неге сонша төгілдің, өзіңді өзің аямай?…
Ойың терең, қолың шебер,
Отырмаушы — ең, бір тыныш.
Әңгіме айтып, көңілденіп күтуші едің бар жанды,
Таусылды ғой тағатың, Жан ағам енді не болды?!
Достарыңа көңілмен ән-жыр жазып, арнадың,
Аспандағы жұлдыздай , өмірің шіркін, жарқырай
Асыл бейнең мен-мен деп, бара жатты алыстап,
Сенсіз күндер барады, қайырымыңнан жан жылап.
Асқақ еді алға қойған арманың,
Ұрпақты ойлап, талай істі атқардың.
Туар әлі еңбегіңді ақтар күн,
Жүрегімізде мәңгілікке сақталдың!
«Сүйген Құлын» алады, дейді мына, Жамағат!
Асыл сөзбен өмірің қалды, бізге аманат.
Бір «Аллаға» тапсырып, тәубемізге келеміз,
Болсын сізге, Жан аға! Алламыздан шапағат!

Қарындасы –Қамаш Бейісжанқызы
Ұлағатты ұстаз, ақын, сазгер, әнші — Қадіржан Намаз жақын арада дүниеден озды. Әндерін, атап айтқанда Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Ризамын» әнін марқұм Мәдина Ералиева және Сұлушаш Нұрмағанбетова, қазіргі таңда жас әнші Болатбек Досыбаевтар орындап жүр. Сөзі мен әнін өзі жазған «Жаса, қазақ елі» әнін өзі орындаған еді. «Жаса, ұлы Отаным!» әнін қызы-Тоғжан, «Жаса, мәңгі Қазақстан» әнін Абай атындағы опера және балет театрының жеке әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Күзембаев талай сахналарда айтып жүр. Өзі айтқан әндері: М.Ералиеваға арнаған «Ақбаян», жастарға арнаған «Биге шығыңдар» әні,сондай-ақ еліне, жеріне деген сағынышынан туған «Сағынышым, Сарыөзек» т.б.әндері бар. Ақын, сазгер, әнші ағамызға арнап жазған өлеңімді ұсына отырып, жатқан жері жәннәтта болсын деп тілеймін. 65-ке толғанда қауыша алмадың, халқыңмен, Сыймай кеттің өмірге, дүрілдеп тұрған даңқынмен. Еңбектендің күн-түні, ән де жазып, күй тартып, Домбыраңды ұлықтадың, ризалық пейіл танытып. Достарыңа көңілмен ән-жыр жазып, арнадың, Ешбір жанның көңілін қалдыра да алмадың Жетімсіреп қалды ғой, өзің жазған өлеңің Үзіліп-ақ қалды ғой мақсатың мен арманың Асқақ еді алға қойған мақсатың мен арманың, Халқыңнан да ризалық пен алғыс болды алғаның Әнде жаздың, сөзін құрап айтушы едің әніңді Не шара бар,естелік боп қалар енді жазғаның «Сүйген Құлын» алады,- дейді Жамағат! Ақыл сөзің,әнің қалды, бізге болып аманат. Бір «Аллаға» тапсырдық, тәубемізге келісіп, Болсын сізге, Жан аға! Алламыздан шапағат!

Жауап қалдыру