Сумалак қалай әзірленеді?

0
334

Наурыз айының ортасынан бастап Өзбекстанда сумалак мерекелік тағамы дайындалады. Наурыз мейрамына арналған дәмді әзірлеуге ниетті адамдардың барлығы қатыса алады және бұл құрметті іс саналады. Өйткені, ежелгі нанымға сәйкес, сумалакты дайындауға қатысатын әйелдер мен қыздар бақытты өмір сүреді. «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі дәстүрлі өзбек тағамының дайындалу шарасына қатысып, оқырмандар назарына материал ұсынды.
Сумалактың құрамына енетін негізгі ас – бидай. Әдетте бидай 5-7 күн бұрын егіледі. Содан кейін, үлкен ыдысқа са­лын­ғаннан кейін, әйел­дер қауымы су құя оты­рып, оны біркелкі етіп араластырылады. Нәти­жесінде пайда бол­ған ботқаны жеке ыдыс­қа сүзіп алып, өндіріліп алынған ақ сүтті үлкен қазанға құяды.
Сүзгіден қалған қалдық­ты тастамай, үй жануар­ларына береді, жергілікті тұрғындар бидай дәнінің қалдықтары жануарлар үшін пайдалы болатынына сенеді. Бидайды сүзгіден өткізу кезеңімен қатар бір мезгілде мақта майы құйылып, қыздырылады. Қыздырылған майға біркелкі ретпен бидайдан алынған сүт құйылады. Ұн түйірлерін болдырмау үшін үздіксіз араластыра отырып, біртіндеп ұн қосы­лады.
Пайда болған біркелкі сұйықтыққа ас әзір­леу­шілер алдын ала тазартылып жуылған, көлемі жаңғақтай домалақ тастарды тастайды. Тастар ұнның күю қаупі мен кесектеліп кетпеуіне септігін тигізеді. Сондай-ақ, тағамды жеу кезінде сіздің табағыңыздан осындай тас шықса, тілек тілеуіңіз керек және сол тасты тұмар ретінде сақтап қою қажет деген наным бар.
Сумалакты үнемі араластырып тұру шарт. Оны қайнату кезеңі шамамен 22-24 сағатқа созылады. Ереже бойынша бұл асты тек әйелдер қауымы әзірлейді, сол себепті ас дайындау шарасына көршілер, туысқандар, қонақтар қазандық басында кезек алмастыра отырып қатысады. Ас күні бойы дайындалады. Соңында сумалак қоюлана түсіп, қою қоңыр түске боялады, хош иіс шығара бастайды.
Тағам қайнатылып бол­ған соң, қазандық­тардың аузы берік жабылып, бір түнге қалдырылады, бұл уақытта қақпақ астында бұғып тиісті қалпына келеді. Бір қызығы, оған қант қосылмайды, алайда оның тәтті және жағымды дәмі бар.

Жауап қалдыру