Патриоттық сезімдерді асқақтатқан

0
206

Алматы облысының мәдени күндері көпшілікке керемет көңіл-күй сыйлады
2015 жылдың 19-қыркүйегінде Алматы облысы Қарасай ауданы «Ақсу Форель» демалыс кешенінде облыстың 8 ауданы мен бір қаласының Мәдениет күндері аталып өтілді. Мерекелік шараға Талғар, Жамбыл, Іле, Балқаш, Қарасай, Райымбек, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ аудандарымен қатар Қапшағай қаласының өнерпаздары са­йыс­қа түсті. Соңғы жылдары дәстүрге айналған аудан­дардың мәдениет күндері әр жылы әртүрлі форматта өткізіліп келді. Биыл шараны облыс қалалары мен аудандарын орналасқан географиялық орны бойынша екіге бөліп атап өту мақұлданған. Мерекенің алғашқы бөлігі Талдықорған қаласында тамыз айында, облыс орталығына жақын орналасқан аудандар мен қалаларды топтас­тырып тойланған.
Алматы төңірегіндегі ау­дан­­­­­дар­дың облыстық мә­­де­ни күн­дері «Ақсу-Форе­ль» де­ма­лыс кешенінде өткі­зілді. Биыл­ғы шара өзінің ауқымды­­лы­ғымен ерекшеленген. Мә­­де­ни сайысқа қатысушы ау­­дан­дардың өнерпаздары өзін­­дік қайталанбас бағдарлама­ларымен келген. Ол бағдар­­ламалар бойынша өнер көр­­­сетуге және сахналық көрініс­терге әр ауданнан орта­ша есеп­пен 400-450 адам қатыс­ты­рылған.
Қарасай ауданы әкімші­лігінің келтірген дерегі бойынша мәдени шара ала­ңын­да өнерпаздарды, ұйым­дас­тырушыларды, делегация мү­шелерін, баспасөз қызметін жә­не қонақтарды қоса есептегенде жалпы саны 7 мың адам болған.
Мәдени сайысқа әр аудандар бағдарламаларын өз ерекшеліктеріне байланысты жасаған. Ол жерде қазақ ұғымына және оның тарихына қатыстының барлығы қамтылған. Қазақы өмірдің ажырамас атрибуты киіз үй, қолөнер туындылары, ел билеген хандар, олардың сенімді серіктері – уәзірлер, би-шешендер, елді, жерді қорғаған батырлар, сап түзеген әскерлер, ұлы ақын-жыраулар, бүркіті мен тазысын ерткен аңшы, дәстүрлі әншілер, жібін иіре әндеткен әжелер, тал шыбықтай майысқан бишілер, бейнелеу өнерінің туындылары, алтыбақан, елімізді мекен ететін басқа этнос өкілдерінің өнерлері тіпті кезінде бабаларымыз шайқасқан «жоңғарлар» да барлығы шараның көркін қыздырып, көрерменін тамсандырды.
Аудан өнерпаздарын сахна алаңына шақырған сәтте, хабарланған әр ауданның мәде­ни өміріне қатысты толық­тай ақпарат беріліп отырды. Сайысқа қатысушылар алма-кезек өздерінің концерттік бағдарламаларын театр­ландырылған қойылым­дарымен ортаға салды. Мәдени дода қорытындысы кейінірек хабарланатын болды.
Шараның негізгі қаты­су­шы­лары мектеп оқушылары мен аудан қыз­мет­керлері болды. Күннің сал­қындығын елеместен қаты­сушылар жоғары кө­ңіл-күйде жоспарланған концерттік номерлерін орындап, көрермендерін де шат-шадыман қылды.
Шара аса жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Облыстық жауапты тұлғалардан бас­тап аудандардың ішкі саясат, мә­дени бөлімдерінің және тікелей жауапты қызметкерлердің үлкен жұмысты атқарғандығы көрініп тұрды.
Бірлік пен береке, ынтымақ­тастық пен татулықтың үлгілі ұйытқысы бола білген осынау керемет шара, қатысушылардың да көрермен, қонақтардың да отанға деген, ел мен жерге деген үлкен құрмет пен сүйіспеншілік рухын бір аспандатып тастады. Сол жерде болған әр адамның бойын патриоттық сезім бойын кернеп, рухани азық жинап қайтқаны анық. Елімізде жоспар үшін, есеп үшін емес осындай шынайы керемет, өз игілігіміз үшін өтетін шаралар көп бола берсін! Алматы облысы соның жарқын үлгісі бола білді.

Төрткен ҚЫЗЫЛЖАРОВ.
Суреттерді түсірген автор.

Жауап қалдыру