Наурыз мейрамының тарихы

0
235

Наурыз мерекесі – әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында жеті мың жыл бойы аталып өтілуде. «Нау­рыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді.
Бұл мереке Ислам дәуіріне де­йін тойланып, халық ара­сында ерекше қолдауға ие бо­ған.
Наурыз мерекесінің туу та­рихы турасында талас көп. Көбі ел аузындағы аңызға жүгінеді. Аңыздың өзі саналуан. Деген­мен, аңыздың түбінен ақиқат­тың бір ұшы қылт ететіні рас… Кейбір ғалымдар бұны зороас­тризм кезеңіне дейінгі уақытпен байланыстырады. Кейбіреулер Парсы патшасының жорық­тарымен байланыстырып жүр.
Парсы патшасы Джамшид өз елінің аумағын аралап жүріп, Азербайджан атты мекенге тап болыпты. Осы жерде уәзірлеріне күнгей бетке қаратып үлкен тақ орнатуды бұйырған екен. Күн сәулесі тақпен шағылысып, айналаға ерекше нұр шашыпты де­се-ді. Содан кейін жұрт осы күнді жаңа жыл есебінде той­лауды әдетке айналдырған екен.
Көктем мерекесі туралы мәлі­меттер антикалық және ор­тағасырлық жазушылардың еңбектерінде кездеседі. Наурыз мерекесін шығыс тіл­дес халықтары тойлайды. Тә­жік халқы бұл мерекені «Бәй­ше­шек», «Гүлгардон» не «Гүл­навруз», татарлар «Нарду­ган», бирмалықтар «Су мей­рамы», хорезмдіктер «Нау­сарджи», буряттар «Сагаан сара», ар­мяндар «Навасарди», чуваш­тар «Норис ояхе», – деп атаған.
Ежелгі жыл санағы бо­йынша, 22-наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жыл­дың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Нау­рыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз-Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас», – деп қарсы алған.
Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға Наурызбай, Нау­рызбек, Наурызхан деген есім берген.
1926 жылдан бастап, тотали­тарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға ты­йым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жо­ғалт­қан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.
Наурыз мерекесі 1991 жы­лы, 15-наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жар­лығымен мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болды. Наурыз айының 22-жұлдызын «Нау­рыз мейрамы» мемлекеттік ме­реке деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24-сәуірінен бас­тап нурыз айының 21, 22, 23-і күндері демалыс күндері деп жария­ланып, тойланып келеді.
Шайыр БАЙЫНҚОЛ

Жауап қалдыру