Ізгілік пен жақсылықтың мейрамы

0
249

Бірғаным ӘЙТІМОВА, Парламент Сенатының депутаты:
Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні жер бетіндегі қанды соғыстар, дау-жанжалдар тоқ­татылып, адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмы­тып, кешірімге келіп, та­туласып, табыса білген. Хал­қымыз мол дастарқанын жайып, ақжарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген.
Әз-Наурыз адам баласын ізгілік пен сыйластыққа, ынтымаққа тәрбиелейді.
Ұлыс­тың ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке ала келсін. Ұлыс оң болып, әрбір кү­німіз Наурыз күніндей шуақ­ты болсын!

Жауап қалдыру