Қазақы атаулар мен байламдар

0
355

Есімі елге танымал мемлекет және қоғам қайратке­рі, этнограф-жазушы Жәрдем Кейкин халқымыздың көне сөз­де­рі мен атауларын жандандырып, әр жылдар бедерінде он­шақ­ты жи­нақ­тар шығарған. Төменде Ұлыстың Ұлы күніне орай мар­құм­ның «Қазақы атаулар мен байламдар» атты эт­но­гра­фия­лық та­нымдық-ғылыми кітабынан алынған ой иірімдері оқыр­ман назарына ұсынылып отыр.
Үш санына байламдар
Үш тоқтам
Ой,
Ақыл,
Шешім.
Үш із
Бала,
Байлық,
Бақыт.
Үш ғайып
Қонақ
Несібе
Ажал
Үш алыс
Жер мен көк арасы
Жас пен кәрі арасы
Жақсы мен жаман арасы
Үш арсыз
Күлкі,
Ұйқы,
Тамақ.
Үш тұл
Қайратсыз – ашу
Тұрлаусыз – ғашық
Шәкіртсіз – ғалым
Үш дауасыз
Тумақ-өлмек
Тағдыр
Кәрілік
Үш көз
Бұлақ – су анасы
Тұяқ – жол анасы
Құлақ – сөз анасы
Үш байлық
Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық.
Үш қазына
Ер қазынасы – жүрген із,
Ел қазынасы – көне көз,
Тіл қазынасы – ескі сөз.
Үш мақсат
Сауда мақсаты – ұту,
Жол мақсаты – жету,
Дау мақсаты – біту.
Үш үміт
Жазыламын деу сырқат үміті,
Байимын деу кедей үміті,
Кетемін деу қыз үміті.
Үш қадірлі
Ырыс, Бақ, Дәулет.
Үш қадірсіз
Жастық, Денсаулық, Жақсы жар.
Үш кемдік
Атың жаман болса – жал­ғанның азабы,
Алғаның жаман болса – дү­ние­нің тозағы,
Балаң жаман болса – кө­рін­ген­нің мазағы.
Жеті санына байламдар
Жеті шәріп (Әулие)
Мекке,
Мәдина,
Бұқар,
Шам,
Қатым,
Құдыс,
Құран.
Жеті ата
Бала,
Әке,
Ата,
Үлкен ата,
Баба,
Түп ата,
Тек ата.
Жеті ұрпақ
Әке,
Бала,
Немере,
Шөбере,
Шөпшек,
Немене,
Туажат.
Жеті ғалам
Күншығыс
Күнбатыс
Түстік,
Терістік,
Аспан
(жоғары ғалам),
Жер үсті
(орта ғалам),
Жер асты
(төменгі ғалам).
Жеті қат көк
Ай,
Күн,
Есекқырған
(Меркурий),
Шолпан,
Қызыл жұлдыз,
(Марс),
Мүштәри
(Юпитер),
Сатурн
Жеті қат жер
Тұңғиық,
Жылан,
Су,
Қос балық,
Қара тас,
Көк өгіз,
Жер
Жеті амал
Күннің тоқырауы – жаз­ғы то­қырау – күн ұзаруының аяқ­талуы, маусым айының 21-жұл­ды­зы. Қы­сқы тоқырау – күн қыс­қа­руының аяқталуы, жел­тоқ­сан айының 22-жұлдызы.
Қарашаның қайтуы – қараша айының аяқталып, жел­тоқ­сан­ның кіруі.
Үркердің батуы – Үркер шоқ­жұл­дызының мамыр айынан мау­сымның 10-жұлдызына дейін көкжиектен көрінбеуі.
Мұздың қатуы – мұздың қай­мақшуы, қарашаның қары.
Киіктің матауы – киіктің үйір­ге түсуі, теке бұрқылдақ.
Қыстоқсан – желтоқсан, қаң­тар, ақпан айлары.
Ай тоғамы – Үркер мен Ай­дың тұтас көрінер тоғысы.
Жеті жұрт
Үрім,
Қырым,
Қытай,
Тұран,
Шам,
Мысыр,
Шын-Машын.
Жеті ықылым
Үндістан (Машын),
Түркістан (Тұран),
Хорезм,
Славян,
Мағұрып (Батыс),
Мәшүріп (Шығыс),
Үрім (Кіші Азия).
Жеті әліп
Ашпас әліп түсу,
Ақ бата алу,
Айтқанды келу,
Атқаны тыю,
Алысқанын жығу,
Абыройы арту,
Ақкөңіл, ниет.
Жеті күн
Бүгін – дүйсенбі,
Ертең – сейсенбі,
Бүрсікүні – сәрсенбі,
Арғы күні – бейсенбі,
Ауыр күн – жұма,
Соңғы күн – сенбі,
Азына – жексенбі.
Жеті мүше
Бірінші нұсқа
Бас,
Екі көз,
Екі қол,
Екі аяқ.
Екінші нұсқа
бас, екі қол, екі аяқ, кеуде, ағза.
Ер жігіттің жеті қасиеті
қаны – атта,
қуаты – қыранда,
сенімі – тазыда,
сұсы – кездікте,
серті – қақпанда,
оты – мылтықта,
әділ-айласы – ау жылымда.
Жеті жетекші
адамның басшысы – ақыл,
жетекшісі – талап,
жолаушы – ой,
жолдасы – кәсіп,
қорғаны – сабыр,
қорғаушысы – мінез,
сыншысы – халық.
Жеті қазына
Бірінші нұсқа
Ер жігіт,
Сұлу жар,
Ілім-білім,
Жүйрік ат,
Құмай тазы,
Қыран бүркіт,
Түзу мылтық.
Екінші нұсқа
Жүйрік ат,
Алғыр бүркіт,
Қаққыр тазы,
Алмас кездік,
Қанды ауыз қақпан,
Берен (қара) мылтық,
Майланғыш ау (қыл тұзақ)
Үшінші нұсқа
Төрт түлік
(төрт тірі қазына),
Ит,
Қазан,
Қара мылтық.
Төртінші нұсқа
Төрт түлік
(бәрі бір санда)
Ит,
Қара мылтық,
Қазан,
Ұста дүкені,
Диірмен,
Сыпыра.
Жәрдем КЕЙКИН

Жауап қалдыру