Қазақтың тойы даңғазалықтан ада, ойлы болғаны жөн

0
260

Нұрлан ЕРДӘУЛЕТҰЛЫ
Алматы облысы, Шелек ауылы

Той – мәдениетіміз бен адамгершілігіміздің айнасы. Той – салт-дәстүрге негізделіп, ұрпаққа үлгі болуға тиіс. Қуанышқа ортақтасуға, марқайып көңіл көтеруге, ағайынмен жарқын әңгімелесіп, таныстарымен жүздесіп, жұмыстарын бітіріп жататын той кезі.
Тойға барудың өзі – үлкен мә­де­ниет. Кемшілігіміз – ауыл­дық жерде той өз уа­қытында басталмайды. Бұл бойға сіңіп, өкі­ніш­ке қарай, әдет болып кетті.
Ауыл шаруасы кешкі малды жайлап тойға барады. Бүгін­де ауыл­дың өзін-өзі басқару ұйы­мы ауыл ақсақалдарымен бірі­гіп, тойдың уақытылы басталуына көңіл бөлетін кез жетті.
Тойдың жақсы өтуін өз жауап­кершілігіне алған асаба мә­де­ниетті, халықтың салт-дәс­тү­рін жақсы білетін, елдің, жер­дің тарихынан хабардар, өнер­лі азамат болуы тиіс. Ол той ие­ле­рі­мен ақылдасып, ке­лі­се отыра тілек білдіре­тін­дер ті­зі­мі, рә­сім­дер: жар-жар, беташар, шашу, бата беру, ас қайы­ру, үзі­ліс, ән-би, ойындар, бай­қау­лар өт­кі­зу­ді дұрыс ұйым­дас­тыруы қа­жет.
Беташарды келін түсірген үй тойға дейін өз ағайын-туыстары арасында жасағаны жөн. Ке­лін­нің қайын аталары мен апаларына, қайнағалары мен үлкен абысындарына, енелеріне сә­лем жасауы – үлкен ізеттілік және тәрбиелік мәні бар көрініс. Ал келіннің қайындарына, күйеуі­нің жолдастарына, көршілерінің бала-шағасына сәлем беруі біздің ешқандай ата салтымыз­да жоқ.
Үлкендер сәлем салған келінге көрсеткен құрметі ретінде ақ­ша береді. Сәлем жасаған ке­лін­ге табақ ұсынған.
Тойда тілек айтудың өзі – мә­де­ниет. Үлкен адамдар сө­зі­нің тәр­бие­лік мәні зор. Елге сөз­ді ке­зе­гімен беріп, төрге шы­ға­рыл­ған адамдардың қа­ла­уы бойынша біреуі тілек айт­са, ұзақ сөй­ле­ме­уді ескертудің еш айы­бы жоқ.
Той ән мен биге, кө­ңіл­ге қонымды әзілге жал­ғас­са, ұр­пақ­тар кездесуі ұйым­дас­ты­ры­лып, ән, әуен­деріміз­де ұлт­тық нақыш көбірек болса, адам­ның кө­ңілі көтеріліп, демалып қай­тады. Қазіргі той­лар жарыс-бәсекеге айналып, аса­ба­ның кө­ңіл­ге қонымсыз ырым-жырымдар мен мазақ ойындары кез­де­сіп қалып жүр. Да­ңы­ра­ған музыка адамды мең-зең қы­лады. Қа­лың­дық пен күйеу жі­гіт­ті ортаға шығарып, түрлі сұ­рақ­тар қою, адамның ар-намысына тиетін әзіл айтып, орнынан тұр­ғы­зып, шапалақ соғуды сұ­рап, елдің мазасын алу дұ­рыс емес. Музыка дауысын бә­сең қойып, даң­ға­за тойдан ойлы той­ға кө­ше­лік. Халық арасында тойды еш­бір ішімдіксіз өткізу қол­дау тауып жүр.
Қазақтың сыйлы асы – ет келгенде бата беру, үл­кен­дер, құ­да­ларға сөз беру, ет та­ба­ғын алу алдында ас қайыру – мін­дет­ті.
Кейде елді демалдыру немесе назарын үйіру үшін әзіл айт­қан­да, ойын немесе сый­лық­қа викторина ұйым­дас­тыр­ған­да әдептен ас­пау­ға тиіспіз. Қойы­ла­тын сұ­рақ­тар та­ри­хы­мыз­ға, дәс­тү­рі­міз­ге негіз­делсе, ма­қал-мә­тел­дер, ырымдар, тыйым сөз­дер, тәр­бие­лік мәні бар қыс­қа әң­гі­ме­лер­мен ұш­тас­тыры­лып отырса, жастар көп нәр­се­ден хабардар болып, той­дың таным­ды­лы­ғы мен тар­тым­ды­лы­ғы арта тү­се­ді.
«Тілек бұрышы» деген арнайы альбом ұйымдас­ты­рып, қо­нақ­тарға өздерінің ізгі ниет­те­рін сол альбомға жазғызса, сон­дай-ақ, би-билеп, той қы­зып жат­қанда бейнетаспаға қа­рап арнайы сұқбат-тілек айтыл­ға­ны ес­те­лік болып қалады және уа­қыт­ты бос ысырап қылып, ха­лық­ты шаршатпайды.
Бала – өмірдің гүлі. Той­ға апар­ған балаларға арнал­ған жеке орын, үстел қарастырылуы дұ­рыс.
Кейбір адамдар дастар­қан­да­ғы бар жақсыны той иелері та­рат­қан пакеттер салып алады. Бұл – ысыраптың алдын алады.
Той соңында бойдақ қыз­дар­ды шығарып, қалыңдық те­ріс қа­рап тұрып қолындағы дес­те­сін лақтырады, қағып алған қыз тез үйленеді деген «ырымды» қойып, «той торты» дегенді до­ғарса да болар еді. Ха­лық сал­тын­дағы «асату» рәсі­мін­де ке­лін тамақ асатпаған.
Той соңында «той тойға ұлас­сын» деген ниетпен «Тойбас­тар» таратылады.
Дүниеде қатып қалған мәң­гі­лік ешнәрсе жоқ. Сондық­тан, біз дәстүріміздің озы­ғын дамытып, тозы­ғын жаң­ғыр­тып отыруымыз да керек. Мә­дени ошақ­тар, жастар ісі жө­нін­дегі қыз­мет­кер­лер­дің асаба, әнші-би­ші­лер­дің басын біріктіріп, тойды да ойлы жасау мақсатында ұлт­тық дәс­тү­рі­мізден ауытқымай, жа­ңа за­ман­ға лайығын өңдеп, жөн­ге кел­тіру, жас ұрпақты со­ған бейім­деу міндеті тұр.
Нұрлан ЕРДӘУЛЕТҰЛЫ
Алматы облысы, Шелек ауылы

Жауап қалдыру