ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫ

0
396

«Ас — адамның арқауы» дегендей, әр ұлттың өзіндік тағамдары болады. Тіпті әр адамның жақсы көретін өзіндік арнайы тағамдары да бар. Мән бере қарайтын болсақ, ас мәзірі әр ұлттың тұрған жеріне, табиғи ландшафтына және ауа райына қарай бейімделгенін көреміз. Білмегендіктен бе, әлде надандықтан ба, кейбіреулер «қазақта бешбармақтан басқа ұлттық тағам жоқ» деп көкиді. Оларға тосқауыл қою үшін ұлттық тағамдарымызды жан-жақтан сұрастыра түгендеп, кітап ақтарып теріп, ұмытылып бара жатқандарын жинақтап өзімше бір тізім жасаған болдым. Қазақ халқының көшпелі бола тұрып сонша ұлттық тағамға ие болғанына таң қаламын. Бұл қазір имамдық қызмет атқарып жүрген өзіме ғана емес жалпы жұртшылыққа пайдасы зор екендігіне күмәнім жоқ. Сондықтан, Наурыз мерекесінің қарсаңында жұртшылықпен бөліскенді жөн көрдім. Оқыңыздар, біліңіздер, қажет болса толықтырыңыздар.
1. ҚАҚ
2. ТОРТА
3. ШӘУЛЕ
4. НАРЫН
5. БОДЫҚ
6. ҰРПАҚ
7. ТӨҢКЕРМЕ
8. ҚАРМА (Атр)
9. БӨККЕН
10. БӨРЕК
11. БІТЕУ
12. ҚАЛҚЫ
13. ҚҰЙРЫҚ-БАУЫР
14. ЖИДЕ ҚҰРТ (Қост)
15. ӘСІП (Қарақ)
16. ҚАРЫН ЕТ
17. ҚАУЫН ШЕК (Түркс)
18. ҚҰЙРЫҚ ҚҰРТ (Ақт)
19. БАС ҚАРЫН
20. ӨРМЕ ТӨС
21. ШЫЖ-МЫЖ
22. БҰЖЫ (Қыт)
23. ҮПЕРШЕК (Қыт)
24. ҮЙІТІЛГЕН ҚОЙ ЕТІ
25. ЖАУ ЖҮРЕК
26. ЕР ТӨСТІК
27. ТУРАҒАН
28. ҚАРЫН БҮРМЕ
29. ҰША (Монғ)
30. ПЕНДІР
31. ТӨП
32. ҚАРЫН САЛМА
33. СЫРБАС (Ашх)
34. КӨМПЕК


35. ЖЕНТ
36. ТҰШПАРА
37. ҚОСПА
38. ЫСТАЛҒАН ҚҰЙРЫҚ (Жамб)
39. МАЙ СӨК
40. САРЫ МАЙ
41. ҚАЙМАҚ
42. ПІСКЕН УЫЗ
43. СҮР ЕТІ
44. ЖАЯ
45. ӨРГЕН ІШЕК
46. БАЛЫҚ СОРПА
47. КӨКТАЛ (Шығ.Қаз)
48. БАЛҚАЙМАҚ (Бат.Қаз)
49. САРЫШЕКЕР (Ақт)
50. ШҰЖЫҚ
51. ҚАЗЫ
52. ҚАРТА
53. СІРНЕ
54. ҚОСПА
55. КҮРІШ БОТҚАСЫ
56. ТАРЫ БОТҚАСЫ
57. БИДАЙ БОТҚАСЫ
58. БҰҚТЫРМА
59. БҰЖЫМА
60. БАҒЛАН ҚОЗЫ (Ашх)
61. БЕКІРЕ УЫЛДЫРЫҚ (Атр)
62. ТАУЫҚ-СОРПА
63. ОРАМА
64. КЕСПЕ СОРПА
65. ҚҰРТ СОРПА
66. ҚАТЫҚ СОРПА
67. ҚАРА СОРПА
68. АЩЫ ҚҰРТ
69. ТҮЙМЕШ
70. САЛМА
71. СҮТ САЛМА
72. ӨКПЕ-БАУЫР
73. ЖАУ БҮЙРЕК
74. ЖАЛЫ
75. БАРША
76. ҚАРЫН БӨРПЕ
77. ЖӨРГЕМ
78. ҚИМАЙ
79. ШЫРТЫЛДАҚ
80. МИ ПАЛАУ
81. ІРІМШІК
82. АҚ ІРІМШІК
83. ҚЫЗЫЛ ІРІМШІК
84. СҮЗБЕ
85. МӘНТІ
86. ҚУЫРЫЛҒАН БАЛЫҚ
87. ТҮТІНГЕ ЫСТАЛҒАН ЕТ
88. ТҮТІНГЕ ЫСТАЛҒАН ҚҰРТ
89. ҰНҒА АУДАРЫЛҒАН ЕТ (Ақт)
90. ҚЫМЫЗ НЕ АЙРАНҒА АШЫТЫЛҒАН КӘУӘП
91. ТОҢ МАЙ
92. ҚАРЫН МАЙ
93. ТАРЫ БӨКПЕ
94. ҚҰЙҚА АС
95. ҚАҚ БАЛЫҚ
96. ТҮТІНГЕ ЫСТАЛҒАН БАЛЫҚ
97. ҚАРАҚҰМЫҚ БОТҚАСЫ
98. ЖАРМА БОТҚАСЫ
99. БҮЛДІРГЕННЕН ЖАСАЛҒАН БӘЛІШ (Сол.Қаз)
100. ТҰЩЫ ҚҰРТ
101. ШЫЖЫҚ
102. КҮЛГЕ ПІСІРІЛГЕН БАЛЫҚ (Орн.)
103. ӨРКЕШ МАЙ
104. БӨКПЕ
105. СІРКЕ СУ
106. ҚАЙЫШ
107. ТОМЫРТҚА
108. ЖОЛЖҰМЫР
109. ЖАУЖҰМЫР(Қыт)
110. ЖАРМА
111. ҚОЛДАМА
112. СЫЛҚ ЕТЕР
113. СӨК
114. КЕЛІСӨК
115. КӨКСЕРКЕ
116. НУА
117. КӨМБЕ
118. БӨРТПЕ
119. БОРША
120. АҚ СОРПА
121. ҚАЗАҚША ЕТ
122. ЕТ ҚОСЫЛҒАН КЕСПЕ
123. ҚАРА АЛА ШЫЖЫҚ
124. ТҰЗДЫҚ
125. БҰҚПА
126. МАЛТА
127. ЕЖІГЕЙ
128. ПАЛАУ
129. КӨБІК
130. МАЙ ШАБАҚ
132. НАН САЛМА
133. ҚУЫРМАШ
ҚУЫРДАҚ АТАУЛАРЫ
134. ҚАРА ҚУЫРДАҚ
135. СОҒЫМ ҚУЫРДАҚ (Қар)
136. БАЛЫҚ ҚУЫРДАҚ (Бат.Қаз.)
137. КІСЕ ҚУЫРДАҚ
138. ЖАППА ҚУЫРДАҚ
139. ШЫМ ҚУЫРДАҚ (Түркс)
140. ЖАҢҚА ҚУЫРДАҚ
141. КАРТОП ҚУЫРДАҚ (Шығ.Қаз)
142. МАНАС ҚУЫРДАҚ (Қыр)
143. ҚҰС ЕТТІ ҚУЫРДАҚ (Орын)
144. БАЛ ҚУЫРДАҚ

ҰЛТТЫҚ СУСЫНДАР
145. ҚЫМЫЗ
146. ШҰБАТ
147. АЙРАН
148. ШАЛАП
149. ШАЙ
150. ЖАЛБЫЗ ШАЙ (Алм об)
151. ШӘРБАТ СУ (Түркс)
152. ІРІМШІК СУЫ
153. ЖЕМІС СУ
154. ҚАТЫҚ
155. КІЛЕГЕЙ
156. ІРКІТ
157. БОРДАҚ ШАЙ (монг)
158. САРЫ МАЙ ҚОСЫЛҒАН СҮТ
159. ҚҰЙРЫҚ ҚОСЫЛҒАН СҮТ
160. КӨК ШАЙ
161. ТҰЗДЫ ШАЙ (Қыт)
162. АҒАРҒАН
163. БОЗАРҒАН
164. ТАСҚОРЫҚ
165. ТОСАП
166. САРЫСУ
167. МЕҢІРЕУ
168. БЫРШЫМА
169. АҚІРІМ
170. АҚЛАҚ
171. СҮМЕСҮТ
172. УЫЗҚАҒАНАҚ
173. СҮТ
174. ҚОРҚЫТ (Монғ)
175. ТАЛҚАН ШАЙ
176. КӨПІРШІК
177. ҚОЙЫРТПАҚ

КӨЖЕ АТАУЛАРЫ
178. АРПА КӨЖЕ
179. ТАРЫ КӨЖЕ (Ақт)
180. КҮРІШ КӨЖЕ (Қыз)
181. САЛҚЫН КӨЖЕ (Қост)
182. ҚҰРТ КӨЖЕ
183. ЖҮГЕРІ КӨЖЕ
184. НАУРЫЗ КӨЖЕ
185. ТОҚМАШ КӨЖЕ (Орын)
186. СҮТ КӨЖЕ
187. АШЫҒАН КӨЖЕ
188. СҮР КӨЖЕ (Бат.Қаз)
189. ҚОС КӨЖЕ
190. МӘШ КӨЖЕ (Түркс)

БИДАЙ ӨНІМДЕРІНЕН ЖАСАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР АТАУЫ
191. ҚАТТАМА (Түркс)
192. ҚАЗАН ЖАППА
193. ТАБА НАН
194. ҰРПЫ
195. БЫЛАМЫҚ
196. АТАЛА (Жамб)
197. БӘЛІШ
198. ЕТ БӘЛІШ ( Қост)
199. БАУЫРСАҚ
200. МАЙДА БАУЫРСАҚ
201. ТӘТТІ БАУЫРСАҚ
202. ПӘТІР НАН (Түркс)
203. КӨМЕШ НАН
204. ҚАТТАМА (Түркс)
205. ЖАППА САЙ
206. ТОҚАШ (Сем)
207. ҚЫТЫРЛАҚ (Ақт)
208. КЕПТІРІЛГЕН НАН
209. ПЕШ НАН (Сол.Қаз)
210. ОРАМА НАН
211. ЖҰҚПА НАН
212. ҚҰЙМАҚ
213. АЩЫ ҚҰЙМАҚ (Қос)
214. ТАРЫ ТАЛҚАНЫ
215. БИДАЙ ТАЛҚАНЫ
216. БӨКПЕ
217. МАЙ ШЕЛПЕК
218. КЕБЕК НАН
219. ҚАРА НАН
220. МАЙҚОШАН
221. ҚИЫҚША
222. БҮРКЕМЕ
223. ЖАЙМА НАН( Қарқ)
224. ҚҰЛАҚ НАН
225. АРПА НАН
226. ЖҮГЕРІ НАН.
227. КӨМПЕК
 Азат Сәлімгерейұлы,
Алматы қаласы,
Наурызбай ауданы,
Қалқаман мешітінің найб-имамы, дінтанушы

Авторлық ескерту
Материалда Ғ.Қалиев, Х.Арғын­баев, М.Әуезов, Ө.Жәні­беков, Ә.Мар­­ғұ­лан, С.Мұқа­нов, Айып Нүсі­поқас­ұлы, С.Қаси­манов, С.Кен­жеах­метұлы және бас­­қалардың ең­бектері пайдаланылды.
ШАРТТЫ ТҮРДЕ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ ТОЛЫҚШАСЫ
Монғ. — Монғол Республикасы
Орын. — Орынбор обл. Ресей
Ашх. — Ашхабад, Түркіменстан Республикасы
Қарақ. — Қарақалпақстан.Өзбекстан респ.
Астр. — Астрахан обл. Ресей
Қыт. — Қытай Халық Республикасы.
Атр. — Атырау обл.
Жамб. — Жамбыл обл.
Шығ.Қаз. — Шығыс Қазақстан обл.
Бат.Қаз. — Батыс Қазақстан обл.
Сол.Түс. — Солтүстік Қазақстан обл.
Түркіс.обл. — Түркістан обл.
Қызыл. — Қызылорда обл.
Алм. — Алматы обл.
Маңғ. — Маңғыстау обл.
Сем. — Семей өңірі.
Қост. — Қостанай обл.
Ақт. — Ақтөбе обл.
Қар. — Қарағанды обл.

Жауап қалдыру