Ата мен әже қазақи тәрбиенің негізі

0
575

Отбасы тәрбиесіндегі әдет-ғұрып пен салт-дәстүр ата дәстүр түрінде атадан балаға, әкеден немереге беріліп осы дәуірімізге де жетті. Адам баласының өсіп өнер алтын ұясы, сыйластық, жарастық ортасы да – осы отбасы.
Қазақ халқы мейлі ол қыз бала, мейлі ұл бала болсын, олардың бойына 12-13 жастан бастап отбасы тәр­биесін сіңі­ре бастайды. Мұн­да от­басының адам баласы үшін өсіп-өркендейтін алтын ұя­сы, қуаныш ошағы екенді­гі қа­ра­пайым тілмен әдіптеле тү­сін­діріледі. Сондай-ақ, от­басын сүю, отбасын қадірлеу, отбасына адал болу сияқты тәрбиелерді бере отырып, ба­ланың ата-анасы алдында бас тартуға болмайтын адамдық жә­не азаматтық міндеттерді ерекше ескертеді.
Заманауи ұғымдарға сай отбасы құндылықтарының да жа­ңаша қағидалары қалып­та­сып келеді. Бүгінде бір үй­лі жаннан құралған толық отбасы ата-анасы, балалары және ата-әже­сінің болуымен көрін­се, то­лық емес отбасы ата-ана­сы­ның біреуінің ғана болуымен си­пат­талып жүр.
Қазіргі уақыттағы көпші­лік­ті ойландыратын мәсе­ле­лер­дің бірі де осы «толық емес отбасы» төңірегіндегі ойлар. «Жалдамалы тәрбиеші» дей­міз, тіпті интернет, телеарна, ком­пьютердегі түрлі фильмдер, атыс-шабыс ойындар балалары­мыз­ға қаншалықты теріс тәрбие бе­ріп жатыр? Кезінде атам қа­зақ ұрпақ тәрбиесін жо­ға­ры орын­ға қойып, өз перзент­те­рін ағайын-туыс, тіпті бір қауым ел болып тәрбиелеген емес пе? Ал қазіргі уақытта бала тәрбиесі қай деңгейде? Осы орайда «то­лық емес отбасын» жан-жақ­ты қа­рас­тыруға тырысып көре­лік. Соның бірі перзенттері бола тұра олардың ата-әжесінің өз ұл­дарынан бөлек тұруы. Мұн­дайда немерелері ата-әжесі­нің мейірімін толыққанды сезі­не алмай жәутеңдеп, бұйы­ғы болып өспей ме? Осы тұр­ғы­дан ал­ған­да «Сіздің отбасы­ңыз­да­ғы ата мен әже, әке мен шеше, бала мен келіннің рөлі қан­дай?» деген сауал бәрімізді маза­лай­ты­ны анық.
Батыр бабамыз Бауыржан Мо­мыш­ұлы: «Жаудан да, дау­дан да қо­рықпаған қазақ едім. Ен­ді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Не­ме­ресіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам. Дәм­ді, дәстүрді білмейтін балалар өсіп келеді. Оның қолына қы­лыш берсе, кімді де шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ», – деп қынжылыспен айтып кеткен екен. Шынында, қа­зақ әр кезеңде де басынан өт­кіз­ген тарихи жағдай­лар­ға қа­ра­мас­тан салт-дәстүр­ле­рі­міз­ді мұра ретін­де қастерлеп, ұр­па­ғына ұлағатты тәрбие бере білді. Ал бүгінде осы асыл құн­ды­лық­та­ры­мыздың тамы­ры ажы­рап барады. Сондық­тан да мына жа­һандану заманында ең алдымен ұлттық рухымызды, мә­де­ниет және ұлттық тәр­бие­міз­ді сақтап қалуымыз қа­жет.
Қазақтың мұзбалақ ақыны Мұ­қағали Мақатаев:
Сақалыңнан айналдым, қарт бабалар,
Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?
О, тірі шежірелер, қалды­рың­дар,
Қанеки, нелерің бар салтқа жарар, –
деп жырлағандай, қазақ от­басында ұрпағына ұлт­тық тәр­бие беретін ата мен әже­нің орны қашан да ерекше са­нал­ған. Әже­леріміз ертегі-аңыз­да­рын, жыр-дастандарын айтып, немере-шөбереле­рін рухани жа­ғынан сусындатса, атала­ры­мыз ақ батасын беріп, өсиет-насихат­тарын айтып отыр­ған. Мә­селен, Балғожа би мен Зередей зерек әжесінің ертегі-аңыз­дарын, жыр-дастан­дарын тыңдап, тәрбиесін алып өскен Ыбырай мен Абай аталарымыз да қа­зақтың ұлы тұлға­ла­рына айналды. Осындай мысал­дардан-ақ ата мен әженің тәлімді тәрбиесін алған балаңыздың да кү­ні ертең еліне елеулі, халқына қа­лаулы жақсы азамат болып жатса, керемет емес пе!
Ертеректе ата-әженің тәрбие­сін көрмей өскен бала болмаған, сон­дықтан болар оларды «көр­генді бала», «тәрбиелі бала» дейтін. Ата-әженің тәрбиесін алған баланың бойынан үлкен-кішіге деген құрмет, мейірім, имандылық, рухани тәрбиені байқауға болады. Тіпті қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін атасы мен әжесі бауырына басып тәрбиелеген. Кейде кенже ұлының орнына атасының қарашаңырағына ие болып та жатады.
Күнделікті өмірде үлкен кі­сі­лердің «жасымда бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деп Жаратқаннан тілеу ті­леп отыратындарын көреміз. Кей­бір қа­рия­ларымыздың қартай­ған­да ағайын-туыс, отбасына абы­рой­лы, ал бәз-біреулерін кері­сін­ше отбасының, бала-ша­ға­ның берекесін қашырдың деп қарттар үйіне өткізіп жат­қан­дарының да куәсі болып жүрміз.
Қазақ – қариясын құрмет­те­ген халық. «Ауылыңда қар­тың болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей, ата бол­ған кі­сі­лер­ді «ақсақал» деп құр­меттеп, төр­ден орын берген, олар­дың батасын алмай ешбір іс баста­маған. Ал бүгінде осы үр­діс­тер­дің барлығы біртіндеп өз­ге­ріс­ке ұшырап барады.
Ата – елдің, отбасының ақыл­шысы, батагөйі әрі қам­қоршы­сы болса, ақжау­лық­ты «әжелері­міз» от­басы мен ағайын-туыс, ел-жұрттың амандығын, ті­ле­уін тілеп, халықтық салт-дәс­тү­рімізді ұлдары мен қыз­дарына ұғындырып, үлгі-өне­ге көрсететін жандар. Тіп­ті, халықтық дәстүр бойынша ақсақал қариясы бар ауыл­ға келген қонақтар алдымен сә­лем беріп, баталарын алуды аза­мат­тық борыш деп сана­ған. Ал ұлдары мен келін­дері, не­ме­ре­лері мен шөберелері құр­мет жасап, айтқаны мен өтіні­шін сөз­сіз орындауы шарт, өйт­кені бұл – ұрпақтарға парыз, мін­дет.
Қазақ ақыны Қасым Аман­жолов өзінің жарына жаз­ған өле­ңінде «Отбасы – шағын мемлекет. Мен президент, сен премьер» дегеніндей, өмірде әке мен ана қатар айтылады. Жетек­ші тұлға әкені – ұрпақ иесі, әу­лет басшысы десе, шешені – отанасы деген. Отбасында әке үкі­мі заңды. Әкесі дүниеден озған соң отбасына басшы болып үлкен ұлы қалған. Тіпті әке­сінен бөлініп, өз алдына жеке үй болғанның өзінде әкенің не үлкен баланың ықпалы жү­ре­тін. Шаруашылығы бө­лек бол­ғанымен, барлық бала әке­сімен ақылдасып отыр­ған. Әдетте әке шаңырағы «қара­ша­ңы­рақ», «үлкен үй» атанады. Ол әке­сі­нен тараған барлық ұрпақ үшін қа­сиетті саналады.
Мұхаммед пайғамбардың ха­ди­сін­де: «Ата-анасын рен­жіт­кен­дерді Алла тағала жақ­сы көр­мей­ді», – делінген. Әсіре­се ананың жолы бөлек. Ана – сені өмірге әкеліп, түн ұйқы­сын төрт бөліп, ақ сүт берген аяулы жан. Өмір тұтқасы, отбасы­ның берекесі, ақылшысы. Сон­дық­тан да қазақ салтында ата-ананы ренжіту, қарсы шығу, тіл және қол тигізу, айтқанына көнбеу тәрбиесіздік, қылмыс саналған.
Әрбір ата-ана перзенттерін шыр етіп өмірге келгенінен бастап жақсы бағып-қағып, ізгі ниет­ті, адал етіп тәрбиелейді.От­ба­сының басты қазығы – бала. Бала – ата-анадан тараған ұр­пақ, олардың ізбасары. Ха­лық­та «балаңды бес жасқа дейін хандай көтер, он бес жас­қа дейін құлдай жұмса, он бестен әрі онымен ақылдас» дей­ді. Сондықтан ата-анасы­ның айтқанын екі етпей орындап, қар­тай­ғанда қабақ шытпай ба­ғып-қағып, ризалығын алу әр­бір перзенттің борышы. «Әке көрген оқ жонар, шеше көр­ген тон пішер» дегендей әрбір ұл әкесі немесе анасының жақ­сы қасиеттерін бойына сі­ңіре­ді. Қазақ халқы бірінші баланы тұң­ғы­шым, одан кейінгі­ле­рін ортаншым, кенжем дейді. Олар ержетіп өскенде тұң­ғыш­та­ры мен ортаншыларын үй­лен­діріп, енші беріп бөлек шығарады да кен­жесі өз қолында, яғни «қа­ра­ша­ңырақ­та» қалады. Осыдан кейін ата-анасын бағып-кү­ту­ге осы кенже ұл мін­дет­ті болады. «Қа­ра­ша­ңы­рақ­ты» бас­қа бала­лары да құрметтеп, ата-ана­сы­ның сыбағасын беру­ді ұмыт­пауы міндет. Құ­ран кә­рім­де: «Адам­дарға біз ата-аналарына жақ­сылық жасауды бұйыр­дық» делінгендей, бала­лар ата-аналарын сыйлап, құр­мет­теу­ге, асы­рау­ға тиіс.
Отбасы – туыстық жүйе­нің ортасы саналады. Қазақ от­ба­сын­да негізгі туыстық қа­ты­нас – ерлер жағымен есептел­ген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Атап айтсақ, ата-әже мен бала және немере-шө­берелер, ата-ана мен балалар, ке­лін­нің қайын ата, қайын енемен қатынасы. Қа­зақ­тың осындай туыстық қатынас атау­лары 90-ға жетеді. Жалпы айт­қан­да, туыстық қатынастар өз­ара түсіністікке, берекеге құ­ры­лады.
Келін – ененің ізбасары, шә­кір­ті. Ене мен келін тату-тәт­ті, сыйласып өмір сүреді. Көрге­ні мол қайынене, инабатты ке­лін – отбасының құт-бере­ке­сі. Ұр­пақ­тан-ұрпаққа бері­ліп отыратын осындай дәс­түр­лер мен ізгі мұ­рат­тар, адамды өз­ара түсі­ніс­тік­ке тәрбиелейтін сүйіс­пен­ші­лік тек ынтымақты отба­сы­нан ғана бастау алады.
Бүгінгі қоғамда иман­ды­лық, рухани жанұялық құн­ды­лық­та­ры­мызды нығайтуда Пре­зи­ден­ті­міз Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекет отбасыдан бас­та­лады. Сол себепті де біз­дің қо­ғам­дағы жанұялық құн­ды­лық­тарды нығайтуда маңызы зор» деп, 8-қыркүйекті елі­міз­де «Отбасы күні» деп жариялады.
А. ОСПАНОВА,
«Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының» ғылыми қызметкері
Оңтүстік Қазақстан облысы

Жауап қалдыру