Қандастарымызға қысым жасалмасын!

0
169
epa04334399 Muslim men undergo security checks upon arrival at the Niujie Mosque for morning prayers marking Eid al-Fitr in Beijing, China, 29 July 2014. Muslims all over the world are celebrating the religious festival of Eid al-Fitr which signals the end of the holy fasting month of Ramadan. EPA/ROLEX DELA PENA

Үстіміздегі жылғы 17 қазанда Алматыда «Қазақстан» баспасөз клубында «Қытай үкіметінің қандастарымызды жазықсыз соттауына араша түсу және Алматыда Қытай елшілігінің қандастарымызға виза бермеу мәселесін көтеру» тақырыбы бойынша баспасөз мәслихаты болып өтті. Баспасөз мәслихатына Расул Жұмалы, Марат Тоқашбаев, Ораз Қыдырәлі сияқты қоғам белсенділері қатысты.
Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дос­­­тық қарым-қатынас ел тә­уел­сіздігінің алғашқы күн­дерінен қалыптасқан. Әсіресе ҚХР Төрағалығына  Си Цзиньпин келгелі бері байланыстар айтарлықтай жандана түсті. Екі елдің көшбасшылары 15 рет екіжақты кездесулер өткі­зіпті. «Бір жол, бір белдеу» бағдарламасы екі жаққа да тартымды болып отыр.  «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» магистралі де жүк тасымалының артуына септеспек.
Қазақстан үшін инвестиция тарту жағынан Қытай маңызды болса, тауарларына барынша мол рынок қалыптастыру жағынан Қытайға Қазақстан маңызды. Өйткені, арзан қытай тауарының  Батысқа жетуі Батыс Қытай – Батыс Еуропа дәлізі арқылы  жүзеге асуы тиімді.
Осындай екіжақты эконо­микалық байланыстардың өр­леуі тұсында өкінішке қарай кейбір түсінбестіктер орын алып жатқаны байқалады. Қа­зақстан үшін Қытаймен, дә­лірек айтқанда оның қандас­тарымыз тұратын Шынжаң Ұйғыр автономиялы ауданымен қарым-қатынас өте маңызды. Бұған дейін Қытайдағы қандастарымыз екі елдің өзара достық қарым-қатынасы негізінде Қазақстанға еш кедергісіз, заңды түрде емін-еркін келіп-кетіп тұрған болса, соңғы кезде бұған тосқауыл қойылды. Мұндай жағдай  ШҰАР  басшылығына 2016 жылы тамыз айында бұрын Тибетті басқарған Чын Чуанго келгелі бері  өршіп кетті. Үстіміздегі жылдың басынан бері Қытайдың негізінен қазақтар тұратын аймағында, тұрғындардың ең алдымен шетелге шығатын төлқұжаттарын жаппай жинап алып, олардың Қазақстанға шығуына тыйым салынды. Бұрын Қазақстанға туысқаншылап немесе турист ретінде саяхаттап барған кез келген қазақ тергеуге алынып, қысымға ұшырауда. Айлап, апталап «саяси үйрену» орталықтарына жіберіліп, кейбіреулері қисынсыз жаламен бірнеше жылға сотталып жатыр. Қазақстанда оқитын жастарды кері шақырып, ары қарай оқуына тыйым салынуда. Қайтып оралудан бас тартқандардың ата-аналарына қысым жасалуда. Сотталғандардың қатарында көзі ашық зиялы қауым өкілдері де, қарапайым мм да баршылық. Олардың алды 12-13 жылға, арты бір жылға жазықсыз жаза арқалап кетті. Бірқатары әлі үкім шықпағандықтан түр­меде жатыр.
Тағы бір сорақысы, тек әншейін ислам дінін ұстанғаны үшін жазаға тарту да етек жайып барады. Бұрын қытайдағы мұсылмандарға өздері тұратын өңірлерде мешіт-медресе салып, университет ашып берген Қытай өкіметі аяқ астынан өзгеріп, өмір бойы имам болған, молда болған адамдарды уағыз айтып, Құранды насихаттағаны үшін, жастардың некесін қиғаны үшін түрмеге тоғытуда. Тіпті таяуда екі имам (Әкімат Имам) түсініксіз жағдайда мерт болды. Оларға «өзін-өзі өлтірді» деген қисынсыз  сылтау көлденеңдетілді. Мұсылмандардың арасында мұндайға жол беруге болмайтыны – басқа, басқа имамдарға әбден белгілі жайт қой. Олардың мәйітін туыстарына ашқызбай, жудырмай, арнайы жасақпен көміп болғанша бақылап тұрған. Тіпті қазақтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына шектеу қойылып отыр.
Қаза тапқан адамдар арасында қамалған екі інісін артынан іздеп барған Өмірұзақ Мақан жергілікті полиция қызметкерлері жөнсіздігінің салдарынан қайт­пас сапарға аттанған. Жасы елуден асқан Зейнолла Рақыжан  «Қазақстан тыңшысы» деген айыппен 13 жылға, Жарқынбек Қасымбайұлы балаларын Қа­зақстанға жібергені үшін 10 жылға, Дәуітхан Тергесіз  Қазақ­станға көшпек болғаны үшін 12 жылға, Берікхан Доланхан екі жастың некесін мұсылман жолымен қиғаны үшін 10 жылға, Салықұлы Сарқытжан Қазақстан мен Түркияға қыдырып барып келгені үшін 10 жылға сотталып кетті. Бұл тізімде отыздан астам адам бар. Қазақстанға көшуді ойлаған Санат Арынғазыұлы, Сағыныш Мейрамбекұлы, Серік Қалибек, Мейрамбек Бекен, Гүлзина Әуелхан сияқты аза­маттар әлденеше айлардан бері қамауда зарығып жатыр. Медреседе оқыған немесе заңды түрде мешітте имам болып қызмет істейтін Досан Бейсенбекұлы,  Оқан Имам, Нұржан Ахметжан, Қуаныш Имам, Кенжебай Әлихан, Нұрлыбай Қоңырбай сияқты азаматтар алды 10 жыл, арты төрт жыл мерзімге сотталған.  Мұндай қисынсыздықтар Қазақстандағы қандастардың на­разылығын туғызып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясында» көз­дел­ген қарапайым адам құқық­тарының Қытай сияқты держава тарапынан аяқ асты етілуі ақылға сыймайды.
Қазақстан – Қытайдың стра­тегиялық серіктесі, тарихи көршісі. Қытай елі қазір Батыс Қытай – Батыс Еуропа дәлізі арқылы Еуропаға төтелей шығуға мүмкіндік алып отыр. Оның үстіне Қазақстанның мұнай-газ саласындағы әріп­тестігі де жоғары деңгейде. Осындай жоғары деңгейдегі  достық байланыстарды көре тұра этникалық қазақтардың Қа­зақстанмен байланысына қатысты заңдық құқықтарын шектеуі, жұмыс жасап, туыстарымен өзара қарым-қатынас жасауына тосқауыл қоюы жұртшылықтың наразы­лығын туғызып отыр. Бұл екі елдің ара­сындағы саяси-экономи­калық әріптес­тікке салқынын тигізері анық. Сондықтан аталған мәселелердің халықаралық құ­қық шеңберінде, екі мемлекет­тің өзара ынтымақ­тастық, әріп­тестік байланыстарының арнасында түсіністікпен оң шешімі табуы қажет.   Дәл осы күндері Бейжіңде қатарында 90 млн мүшесі бар Қытай Коммунистук партиясының ХІХ сьезі жұмыс істеп жатыр.  Онда ҚКП тәртіпті қадағалау жөніндегі Орталық Комиссиясының да есебі тыңдалатын болады. Осы алқалы жиында ШҰАР басшысы  Чын Чуанго жолдастың заңсыз әрекеттеріне тиісті баға беріледі деп үміттенеміз.

Мұрат ЖАНЫСБАЙ

Жауап қалдыру