Жұмыспен қамтылушылар саны артуда

0
23

Атырауда жастар еңбек биржасы ұйымдас­­тырған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
«Apec Petrotechnic» жоғары колледжінде болған шараға 30-ға жуық мекеме қатысып, түйіндемелер қабылдаған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған жәрмеңке жастардың, қала тұрғындарының жұмыспен қамтылуына ықпал ету, әлеуметтік-эконо­микалық жағдайының көтерілуіне жағдай жасау, жұмыссыздықтың статистикалық көрсет­кіштерін төмендетуге бағытталған.
– Бұл жоба өңірде жыл сайын өткізіледі. Тиісінше, жұмыспен қамтылған жастар саны да өсуде. Бүгінгі жәрмеңкеге 2500-ден астам адам қатысты, олардың барлығы өтініш беріп, жұмысқа тұру үшін түйіндемелерін қалдырды, – дейді Жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Қадыров.
Айта кетейік, былтыр жәрмеңкеге 20 мекеме қатысып, 1200-ден аса адам жаңа жұмыс орындарына түйіндеме тапсырған болатын. Нәтижесінде 250-ге жуық атыраулық жұмысқа орналасқан еді.
Айқара ҒҰМАР

Жауап қалдыру