Адами капитал артады

0
56

Алматы облысы Қаскелең қала­сындағы мәдениет үйін­де, қара­сайлық педа­гогика­лық қызметкерлердің «Қазақ­станның жаңғыруы 3.0 – Білімнің үлесі» атты кеңес өтті. Оған аудан әкімі Махаббат Бигел­диев қатысып, ұстаздар қауымына жылы лебізін біл­дірді.
Кеңестің мақсаты – адами капиталды дамыту бойынша мемлекет тарапынан атқарылып жатқан бағдарламалардың жү­зеге асу нәтижелілігін кешен­ді әрі объективті түрде қарас­тыру, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-мәдени жаңғыруын жүзеге асыру аясындағы түйіткілді мәселелер мен оларды шешу жолдарын қарастыру.
Қазақстанда адами әл-ауқаттылықты арттыру мәселесі мемлекет дамуындағы негізгі міндет болып табылып, басты стратегиялық құжаттарда көрініс тапқан. Мемлекет басшысының жария етілген «Ұлт жоспары – бес инсти­туционалды рефор­маны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамында» адами капиталды дамыту басты міндет­тердің бірі ретінде аталған. Одан қалды президенттің «Болашақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында Қазақстанда адами капиталдың әл-ауқатын арттыруға бағыт­талған бірқатар міндеттемелер көрсетілген болатын.
Адами дамудың халықаралық рейтинг-индексіне сай Қазақ­станның позициясы айтар­лықтай орнықты, себебі, еліміз АДИ деңгейі жоғары мемлекеттердің қатарына кіреді. 188 мемлекет кіретін тізімде біздің еліміз белортадан орын алған. Жалпы алғанда, көрсеткіштер бойынша Қазақстанның даму деңгейі өзге Орта Азия елдерінен көш ілгері, алайда, посткеңестік Балтық елдерімен әлі де салыстыруға келмейді.
Адами капиталды қалып­тастыруға мемлекеттің ден­саулық сақтау, білім беру мен кәсіби даярлау және өзге де салаларындағы саясаты ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл саладағы зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, нәтижелі қалып­тастыру мен қолдану шарт­тары негізінде адами капитал экономикалық өсімнің ырғағы мен сапасына оң әсер етуі мүмкін.
Алдымен, жиналған басқарма, бөлім, мекеме басшылары, округ әкімдері, қоғамдық ұйым өкілдері, мұғалімдер алдында аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Тәкімова өткен оқу жылында өзі басқаратын салада атқарылған жұмыстар жайында баяндама жасады. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге бағытталған, нәтижесі айқын, көптеген көңіл көншітерлік істерді алға тартқан баяндамашы биыл аудан әкімінің атсалысуының арқасында осы оқу жылында сегіз мектеп өз есігін айқара ашқанын, Қайнар ауылындағы орта мектепке көптен бері қажет етілген күрделі жөндеу жұмысы жүргізілгенін, мұға­лімдер мен оқушылардың түрлі сайыстарда қол жеткізген жетістіктерін тілге тиек етті. Сондай-ақ, жарыссөзге шыққан Ы.Алтынсарин орта мектебінің директоры Ж.Кулиева, аудандық ішкі істер басқармасының басшысы А.Данияр, аудандық ата-аналар комитетінің төра­йымы А.Шәкенова, Үш­қоңыр қазақ орта мектебінің жас мұғалімі Ж.Нұртазаев та сөйлеп, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Ал, кеңесті қорытындылаған аудан әкімі Махаббат Сәдуа­­­қас­ұлы білім саласы қашан­да ізденісті, алға қарай ұмты­лысты талап ететіндігін ай­тып, ұстаздар қауымына бірқа­тар тапсырмалар жүктеді. Олар негізінен, Елбасының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғы­ру» мақаласындағы мін­дет­терді жүзеге асыруға, үш ауысымдық оқыту жүйесін жоюға, балабақшалар санын арттыруға, мектептердің матер­иалдық-техникалық база­сын нығайтуға, білім деңгейін көтеруге, ауданның бірыңғай мектеп формасын енгізуге, жалпы, өскелең ұрпақтың білімімен қатар, дүниетанымын, мәдениетін, дарынын молайтуға қатысты болды.
Бірқатар мұғалімдер ҚР Білім және ғылым министрлігінің төс­белгілерімен, Алғыс хаты­мен, сондай-ақ, Алматы об­лы­сы әкімінің, Қарасай ауданы әкімінің Құрмет Грамо­таларымен марапатталған сал­танатты жиын мереке иелеріне арналған шағын концерттік бағдарламамен түйінделді.

Асан БЕРДІҚҰЛ

Жауап қалдыру