Әзірлік мерекеге – ұмтылыс берекеге

0
28

Елбасы 30 қазан күні ҚР Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы қабылдады. Кездесуде есеп беріліп, соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар тапсырды.
Қабылдау бары­сында Мем­лекет басшы­сына Қа­зақ­стан Президен­ті жанында­ғы кон­сульта­тив­тік-кеңесші ор­ган­дар­дың қызметі тура­лы мәлімделді, сондай-ақ ұлт­тық және мем­лекеттік мере­ке­лерді атап өтуге дайын­дық барысы жөнінде есеп бе­рілді.
Нұрсұлтан Назарбаев осы бағыттағы ұйымдастыру жұ­мыстарын сапалы жүргі­зудің маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Г.Әбді­қа­лы­қо­ва мемле­кеттік наг­ра­далар және Әде­биет пен өнер саласын­дағы Қазақ­стан Респуб­лика­сының Мем­лекеттік сый­лығын беру жөніндегі комис­сиялардың жұмысы туралы баяндады.

Жауап қалдыру