Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында

0
17

Кеше елордада Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтті. Сессия жұмысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттердің өзге де бас­шылары: Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Президенті Сооронбай Жээнбеков, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон және Армения Премьер-Министрінің міндетін атқа­рушы Никол Пашинян қатысты, – деп хабар­лайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Ұжымдық қауіп­сіздік кеңесі сессия­сының күн тәртібін атады.
Шағын құрамдағы отырысты ашқан Мемлекет басшысы сессия аясында ҰҚШҰ хатшысының ақ­параты тыңдалып, Қа­зақстанның ұйымға төра­ғалығының қоры­­тындысы шы­ғары­латын­дығын атап өтті. Ұйымға мүше мем­лекеттердің ұжымдық қауіп­­сіздігін қамтамасыз ету­­дің өзекті мәселелері тал­қыланатындығын айтты.
– Сонымен қатар қыр­ғыз тарапы ҰҚШҰ-ға төра­ғалығы кезіндегі басым бағыттарын ұсына­тын болады. Өйткені, төрағалық осы елге өтеді. Бүгін біз ҰҚШҰ аясындағы кең ауқымды бағыт бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпаратты тыңдап, ағымдағы халықаралық ахуал, өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасатын боламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мұнан бөлек, ҚР Президенті сессияның жалпы отырысы аясында екі мәселе қаралып, одан кейін күн тәртібінде көзделген құ­жат­тарға қол қою рәсімі болатындығын еске салды.
– Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімі мен төрт халықаралық шарт­қа қол қоюды қоса алғанда сес­­сияның кеңейтілген ке­зеңіне 1,5 сағат бө­лін­ген. Дегенмен, біз мұны же­делдете де аламыз. Се­бебі, маған баян етілгендей, барлық мәсе­лелер біздің делегаттары­мыз­бен келісілген. Отырыс аяқталғаннан кейін бас­пасөз алдына шығу бо­ла­ды. Егер қарсы­лық­тарыңыз болмаса жур­на­лис­термен өзім және Бас хат­шының орынбасары Валерий Семериков барады, – деп атап өтті Елбасы.
Осыдан кейін Қазақстан Президенті күн тәртібі бойынша ақпарат беру үшін сөзді ҰҚШҰ бас хат­шы­сының орынбасары Валерий Семерниковке берді.
– Күн тәртібінде 23 мәсе­ле бар. Бұған қоса, шағын құрамда халық­ара­лық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері мен ұйымға мүше мемлекеттердің өзара-іс-қимылын қарау ұсынылады, – деді Валерий Семерников.

Марлан ЖИЕМБАЙ

Жауап қалдыру