«Жетісу» саябағын аралап көрді

0
26

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 1 шілде күні елорданың 20 жылдығына орай Алматы облысы қайта жөндеуден өткізген «Жетісу» саябағына барды.

Облыс әкімі А.Баталов Нұрсұлтан Назарбаевқа сая­бақта Алматы облы­сы­ның көрнекті орын­дарының бәрі көрініс тапқанын айт-ты. Оның кіреберісінде Жетісуді бейнелейтін жеті арка, субұрқақтары бар басты аллея орналасқан, сондай-ақ тау сілемдерінің көрінісі және киіз үйге ұқ­сас орын-жайлары бар «Апорт» алаңы, түр­лі жастағы балаларға арнал­ған «Тенгри» алаңы, шаған аллеясы, «Тамғалытас» петроглифтері бейнеленген тастар және Шарын шатқалының үлгісі бар.

Қазақстан Президенті мен көрермендер үшін сах­нада Алматы облы­сының танымал әртіс­тері және этномәдени орталық­тарының өкілдері өнер көр­сетті.
Шараға қатысушылар ал­дында сөз сөйлеген Нұр­сұлтан Назарбаев Алматы облысы Астана­ның мерейтойына керемет саябақ тарту еткенін және оның елорда тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналатынын атап өтті.
– Бүгінде барлық облыс-тар көмек көрсетіп, қол­дау білдіріп жатыр. Өйткені, Астана – бүкіл Қазақ­станның жетістігі. Бас қала құры­лысына өңірлердің бәрі атсалысты және қазір мұнда еліміздің әр түкпірінен келген адамдар өмір сүреді. Біз ХХІ ғасырда ғаламат дүниені бірге жасадық. Адамзат тарихында мұндай қалалар ешқа­шан 20 жылдың ішінде салынбаған. Ал, біз салдық! – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев сөзінің соңында облыс бас­шы­лығы мен құрылыс­шылар­ға ризашы­лық білдірді және шараға қатысу­шылардың бәрін алдағы елорда күнімен құттықтап, бақ-береке тіледі.

Сонымен қатар, Нұр­сұлтан Назарбаев қала­ның Алматы ауданында орна­ласқан «Жерұйық» саябағын аралап көрді. Онда Елбасыға 19 жыл бұ­рын өзі отырғызған алғаш­қы ағаш көрсетілді.

Ғалым ЖАЗЫЛБЕК

Жауап қалдыру