Жастар талпынуға тиіс

0
22

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев таяуда «Қазақ­стандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысу­шылармен кездесті. Мемлекет басшысы жобаға қа­тысушыларға әлемде болып жатқан өзгерістер жөнінде айтып, қазіргі жағдайларға бейімделу қажеттігіне назар аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев жаһан­дық өзгерістер дәуірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өзектілігін атап өтіп, оны іске асырудың аралық нәтижелеріне тоқталды.
Қазақстан Президенті мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жоба туралы айтып, бұл үрдістің басты мақсатын атап өтті.
– Бүгінде ғылым және мәдениет туралы ақпараттың 70 пайызға жуығы ағылшын тілінде таралады. Біз үш тілде білім беруге көшетінімізді жа­рияладық. Жастарымыз қазір­­д­ің өзінде ағылшын тілін меңгер­ген. Латын қарпіне көшу дамып келе жатқан ортақ ақпарат әлеміне енуімізге мүмкіндік береді, – деді Елбасы.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы «Жаңа гуманитарлық білім» және «Туған жер» жобаларының іске асырылу барысына тоқталды.
– Біз егер қазақ тілінің дамуы туралы айтар болсақ, әлемнің үздік білімін ана тілімізде алуымыз керек. «Жаңа гуманитарлық білім» жобасы аясында үздік 100 оқулықты қазақ тіліне аудару мәселесі қарастырылған.
Елбасы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының халқымыз үшін мәні зор екенін айтып, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәде­ниет» бағдарламасының міндет­терін атап өтті.
Мемлекет басшысы «Қазақ­стандағы 100 жаңа есім» жобасын іске асырудың маңыз­дылы­ғына назар аударып, кездесуге қатысушыларға қоғам тарапынан артылған жауапкершіліктің мол екенін ескертті.
– Сіздер байқаудың іріктеу турынан өттіңіздер. Дауы­с беру интернет арқылы жүр­гі­зілді. Сіздер – бірегей тұл­ғасыздар. Тәуелсіздігіміз сіз­­дерге таланттарыңызды шың­­дап, болашаққа жол салуға мүмкіндік берді. Сіздер өскелең ұрпаққа үлгі боласыздар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Орынбек ЖОЛДЫБАЙ,
«Президент және Халық»

Жауап қалдыру