«Жас Отан» жастарды біріктіруі керек

0
50

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 10 көкек күні «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Кездесуде Қазақстан Президентіне партияның қазіргі қызметі жөнінде мәлімет беріліп, «Жас Отан» жастар қанатының IV съезінің қорытындылары туралы баяндалды.
Елбасы мемлекеттік саясатты іске асыру үде­рісін­де партияның жастар қа­наты маңызды миссия атқаратынын айтты.
– «Жас Отан» жастар қанатының съезі табысты өтті. Менің тапсырмама сәй­кес, жастар арасында саяси жұмыстар жүргізілуге тиіс. «Жас Отанның» мақсаты – Қазақстан жастарының бәрін біріктіру, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Кездесу барысында Мәу­лен Әшімбаев съездің қоры­тындысы бойынша қол жеткі­зілген нәтижелерге тоқ­тал­ды.
– ІV съезге барлық облыстар мен өңірлерден 1500-ден астам делегат қатысты. Форумның бірінші күні партияның конференциясы және арнайы бес панельді сессия өтті, – деді «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.
Бұдан бөлек, М.Әшімбаев Нұр­сұлтан Назарбаевқа стра­­тегиялық мемлекеттік және салалық бағдар­лама­ларды, соның ішінде «Рухани жаңғыру» және «Цифрлық Қа­зақстан» бағдар­лама­ларын жүзеге асыру үдерісіне партияның атсалысуы туралы баяндады.
Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мемлекет басшысына партияның кадрлық резервін қалыптастыру барысы жөнінде мәлімдеді.
Кездесу соңында Нұр­сұлтан Назарбаев партияның түр­лі бағыттағы жұмысын жандандыру жөнінде бір­қатар нақты тапсырма берді.

Жауап қалдыру