Жалпы 20 млн тонна астық жиналмақ

0
106

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев­тың төрағалығымен 18 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында үстіміздегі жылғы егін жинау жұмыстарының барысы қаралды.
ҚР Премьер-Министрі­нің орынбасары – ауыл ша­руа­шылығы министрі Ө. Шө­кеевтің айтуын­ша об­лыс­тық ауыл шаруа­шы­лығы басқарма­лары­ның ал­дын-ала берген мәлі­мет­тері бойынша биыл дәнді да­қылдар 15 млн га ал­қаптан жиналады, оның ішін­де бидай – 11,1 млн га. Майлы дақылдардың егін алқаптары 2,8 млн га құ­рай­ды, бұл өткен жылғы деңгейден 0,4 млн га артық.
– Еліміз бойынша жалп­ы астық жиыны 20 млн теңге деңгейінде бо­ла­ды деп бол­жанып отыр. Майлы тұ­қымдар өнді­рісінің көлемі 2,3 млн т деңгейінде болады деп күтілуде. Көрсетілген көлем­дер астықтың экспорттық әлеуетін 9 млн тоннаға дейін, майлы тұқымдардың экспортын – 1 млн тоннаға дейін жеткізуге, құрамжем және май өңдейтін кәсі­порындарды шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Ө. Шөкеев.
Бүгінгі таңға дейін дәнді дақылдар 8,9 млн гектардан астам алқаптан немесе жиналуға жататын алқаптың 59%-ы жиналды, 11,2 млн тонна астық бастырылды, түсімділік гектарына 12,5 центнер болды.
Оңтүстік облыстарда 86%, батыс облыстарда – 89%, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда – 56% дәнді дақыл жиналды.
Ө. Шөкеев атап өткендей, жинау үшін 6,1 млн га дәнді дақыл қалған. Қолда бар астық жинау комбайн­дары­ның 800 мың га жуық болатын тәуліктік өнімділігі мен ауа райы қолайлы болған жағдайларда егін жинау жұмыстарын қазан айының бірінші онкүндігінде аяқтау мүмкіндігі бар.
Шілде-қазан айларының ара­лығында егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін шаруалардың дизель отынына деген қажеттілігі 394 мың тоннаны құрайды. Бұл қажеттілік Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыс­тардағы мұнай өңдеу зауыт­тарына бекітілген. 14 қыр­күйектегі жағдай бойын­ша егін орағын жүргізуге 268 мың тонна дизель (68%) жөнелтілді. Өңір­лер­де қыркүйек айында ша­руаларға жеткізіп беру ба­ғасын қоса алғанда, дизель отынының орташа бағасы литріне 165 теңгені құрайды, бұл нарықтық бағадан 14%-ға арзан.
– Жауын-шашынның мол түсуі салдарынан элева­торларға келіп жатқан ас­тықтың ылғалдылығы жо­ғары, бұл дәнді және май­лы дақылдарды қосым­ша кептіруді және тиісінше астық қабылдау кәсі­порын­дарының қосымша дизель отынын сатып алуын қажет етеді. Облыс әкімдіктерінің мәліметтері бойынша базистік ылғалдылық 13,5% болғанда бастырылған ас­тықтың 50 пайызынан аста­мының ылғалдылығы 20 па­йыздан жоғары, – деді Ө.Шөкеев.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруа­шылығы министрінің айтуынша, бүгінде 85 мың т көлеміндегі астықты кептіру үшін қазан-қараша айларына қосымша жанар-жағармай бөлуге алты облыстан өтінім келіп түскен.
Жалпы қолда бар ауыл шаруашылығы техника­сы­ның 96%-ы дайын және егін жинау жұмыстарына қатысуда. Қазіргі кезде шаруаларда 14 мыңнан астам өнімділігі жоғары астық жинайтын комбайн бар, олармен дәнді дақылдар алқабының 70%-дан астамын жинау көзделіп отыр.
– Ауыл шаруашылығы техни­касын сатып алуды ынталандыру және шаруа­ларды қаржылай қолдау мақ­сатында министрлік биыл­дан бастап ауыл шаруа­ш­­ылығы техника­сының лизингі бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін арзандату бағдарла­масын қайта іске қосты, инвес­­тициялық субсидиялау бағдар­ламасын өзек­тілендірілді, – деді Ө. Шөкеев.
Аталған бағдар­ламаны іске асы­ру
үшін биыл бюджеттен 21,3 млрд теңге бөлінген. Жылына 17 пайыздан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен ауыл шаруашылығы техни­касының лизингін субсидиялау қарастырылып отыр, оның 10 пайызы респуб­ли­калық бюджет есебінен өтеледі. Сонымен қатар 2016 жылдан бастап ауыл ша­руашылығы техникасын сатып алған жағдайда инвес­тицилық субсидиялар төлеу жүзеге асырылып келеді.
Қазіргі кезде елімізде жалпы сыйымдылығы 13,6 млн тоннаны құрайтын 196 ли­цен­зияланған астық қабыл­дау кәсіпорыны жұмыс іс­тейді, олар әкімдіктер беретін лицензия негізінде астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметін көрсетеді. Астық қабылдау кәсіпорын­дарының материалдық-тех­никалық базаларын жаңа жиын-терімді қабылдауға дайындау жұмыстары жос­парлы түрде жүргізілуде. Қолда бар астық сақтау сыйымдылықтарының жалпы көлемі 26,7 млн тоннаны құрайды, бұл күтіліп отырған жиын-терімді ескергенде, астық сақтау үшін жеткілікті.
Өз кезегінде, энергетика министрінің орынбасары М. Досмұхамбетов 2018 жылы егістік жұмыстарына дизельді отынды жеткізу бойынша облыстарды МӨЗ-дерге бекіту кестесі аясында шаруалар үшін қажеттілік 394,4 мың т көлемінде бекітілгенін баяндады, оның ішінде: Атырау мұнай өңдеу зауыты – 116 мың т, Павлодар мұнай өңдеу зауыты – 149 мың т, Шымкент МӨЗ – 129,4 мың т.
– 14 қыркүйектегі жағдай бойынша жоспардағы 394,4 мың тонна жағдайында ауыл шаруашылығы тауар­ларын өндірушілерге дизель отынын тиеу 255,8 мың тоннаны құрап отыр. Тө­ленген барлық көлемдер басым­дықты ретпен тиеліп жатыр. Министрлік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге бағыттаумен дизель отынын тиеуге тәуліктік бақылау жүргізіп отыр, – деді энергетика вице-министрі.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін жанар-жағармай бағасы шіл­де айында күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізуге ұсынылған баға 180 мың теңге/тоннаны, тамыз және қыркүйек айларында 181 мың теңге-тоннаны құрады. Бұл орайда ҚР-да жанар-жағармай станцияларында орташа нарықтық баға 188,1 тг/л құрайды.
Бақытжан Сағынтаев қа­зір­гі ауа-райын пайдаланып, егін жинау жұмысын уақы­тылы аяқтауды тапсырды.
Энергетика министрлігіне өңірлерге қосымша жанар-жағармай бөлуді, Ақмола облысы әкімдігінің қазан айындағы берілетін жанар-жа­ғармайын қыркүйекте бөлу туралы ұсынысын қа­рас­тыру ҚР Премьер-Ми­нистрі­нің бірінші орынбасары А. Маминнің бақылауына берілді.
Егін жинау жұмысын үй­лес­тіру мен оны күнделікті бақылау Премьер-Министр­дің орынбасары – ауыл ша­руа­шылығы министрі Өмір­зақ Шөкеевке тапсы­рыл­ды.

primeminister.kz

Жауап қалдыру