Жаһандық жаңа апаттарға жол жоқ!

0
34

Нұрсұлтан Назарбаев елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

Кеше Мемлекет басшысына Тәжікстан Республикасының Тө­тенше және өкілетті елшісі Хайрулло Ибод­зода, Жапонияның Төтен­ше және өкілетті ел­шісі Тацухико Касаи, Чех Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Рудольф Гикл, Хорватия Респуб­лика­сының Төтенше және өкілетті елшісі Рефик Шаб­анович және Вьет­нам Социалистік Респуб­ликасының Төтенше және өкілетті елшісі Нгуен Тхи Хонг Оань сенім грамоталарын тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев ел­­ші­лерді Қазақстандағы дип­­­ло­­ма­тиялық мис­сия­ла­­ры­ның ресми түрде басталуы­мен құттықтап, олар­дың қыз­­меті еліміздегі ма­ңызды ре­фор­ма­лардың жүзеге асы­­ры­лу ке­зе­ңімен тұс­па-тұс келіп отырғанын атап өтті.
– Біздің мақсатымыз – әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Қазақ­станның келешегі заманауи технологияны жете меңгерген өскелең ұрпақтың қолында. Сондықтан, осы жылды «Жастар жылы» деп жарияладым, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы жас­тарды сапалы біліммен, жұ­мыс­пен және баспанамен қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылданып жатқа­нын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев биз­нес ахуалын жақсарту, шетелден инвестиция тарту және Қазақстан экс­портының ба­ғыт­тарын ке­ңейту үшін бір­қатар бағ­дар­ламаның жү­­зе­­­ге асы­ры­­лып жат­қаны жө­­­­­нінде айтты.
Қазақ­стан Пре­зи­­ден­ті ха­­лық­­­ара­лық күн тәр­­ті­бін­де тұрған заманауи сын-қатер­лерге де тоқталды.
– Жетекші ядролық державалар арасындағы те­ке­­­­ті­­рес әлем жұрт­шы­­­лығын алаң­да­тып отыр. Осы орайда, орта және таяу қашықтықтағы зы­мы­рандарды жою туралы шарттың бұзылу қаупін ерек­ше атап өткім келеді. Бей­бітшілікті қалайтын елдер жаһандық жаңа апаттың болуына жол бермей, оның алдын алуы қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақ­станның бітімгершілік қыз­­­метінің нәтижелерін ерек­­ше атап өтіп, әлемде яд­­­ро­лық қаруды таратпау үшін қабыл­данған шара­лар­дың маңыз­ды­лығына назар ау­дарды.
Қазақстан Президенті елшілерге арналған сөзінде мем­лекетаралық достық қаты­­настарды нығайту және іл­герілету қажеттігін айтты.
– Біз Тәжікстанмен дәс­түрлі ынтымақтастық пен стра­­­те­гиялық серіктес­тікті да­­мы­туға зор мән бе­­ре­міз. Ас­тана мен Душанбе ара­­­сын­дағы ТМД, Ұжым­дық қауіпсіздік шарт ұйымы, Шанхай ынты­мақ­тас­тық ұйымы жә­не басқа да халықаралық құ­ры­лымдар аясындағы ын­тымақ­тастықты қарқынды ны­­ғай­тудамыз. Осы ретте, Тә­жік­станның Азия­дағы өза­ра ықпалдастық пен сенім шаралары кеңе­сіндегі төра­ғалығына табыс тілей отырып, аталған ба­ғытта бірге жұмыс істеуге да­йын екенімізді айтқым келеді, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақстан мен Жапония ара­сын­дағы қатынастардың нәти­­желеріне және оны дамыту перспек­тиваларына тоқ­­тал­ды.
– Былтыр Брюссельде өт­­кен АСЕМ саммитінде Премьер-Министр Синдзо Абэмен жүздесіп, екі мем­ле­кет ара­сындағы қатынас­тарды одан әрі нығайтуға уағда­лас­тық. 2018 жылы өзара сауда айналымы 30 процентке өсті. Біз жапон компанияларының Қазақстан нарығына атсалысуына мүд­деліміз және қажетті жағдай жасауға дайынбыз, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Чехия Президенті Милош Земанның «ЭКСПО-2017» көрмесіне келуі екіжақты бай­ланыстың дамуына тың сер­пін бергенін атап өтті.
– Өзара тиімді эко­номи­ка­лық бай­ла­ныстар ор­нату екі ел үшін де маңызды. Үкімет­аралық комис­сияның әлеуетін пайдалануымыз қа­жет деп ойлаймын, – деді Қазақ­стан Президенті.
Мемлекет басшысы Қа­зақ­стан мен Хорватия ара­сындағы ынтымақ­тас­тық­­тың нәтижелеріне де тоқ­талды.
– Соңғы жылдары Хорватия Республикасымен бай­­ла­ныстарымыз айтар­лық­тай нығая түсті. Мен осы елдің президенттерімен әрдайым жақсы қарым-қатынаста болдым. Былтыр Астанада алғаш рет Хорватия елшілігі ашылды, – деді Мемлекет басшысы.
Рәсім барысында Нұрсұл­тан Назарбаев Қазақстан мен Вьет­нам арасындағы қа­ты­­нас­тар­дың тиімділігін атап өтті.
– Бүгінде Вьетнам – Қа­зақ­станның Оңтүстік-Шы­ғыс Азиядағы негізгі әріптес­терінің бірі. Біз эко­но­ми­калық және саяси қа­тынас­тарымызды жо­ғары дең­гейде дамыту жө­ніндегі жұ­мыстарды одан әрі жал­ғас­тыра беруге ниеттіміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Қазақстан Президенті елшілерді жауапты миссияларының баста­луы­мен тағы да құттық­тап, дип­ломатиялық қызмет­тері­не табыс тіледі.

Дастан Қадыр,
«P&H»

Жауап қалдыру