Жаңа білімге жеткізер бастама

0
78

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған алғашқы кітаптардың таныстырылымына қатысты. Жоба Елбасының «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көзделген негізгі міндеттердің бірі.
Жиында Ұлттық аударма бюросының атқа­рушы директоры Рауан Кенжеханұлы жұмыстың алғашқы нәти­жесімен таныстыруды. Оның айтуынша, «100 оқулық» жобасы жариялана салысымен еліміздің жоғары оқу орындарынан аударуға ұсынылған барлығы 800-ден аса оқулық келіп түскен.
– Мамандардан құрылған арнайы жұмыс тобы аудары­латын оқулықтарға қойы­латын мынадай талаптарды анықтады: оқулық дүние­жүзіндегі маңдайалды 100 уни­верситеттің бағ­дарла­ма­сында болуы керек; кемінде үш рет басылып шығуы тиіс; мазмұны өзекті әрі идея­лық тұрғыдан бейтарап болуы керек; сонымен бірге оқулық заман талабына сай интерактивті оқып-үйренуге мүмкіндік беруі қажет, – деді Рауан Кенжеханұлы.
Ұлттық бюро дирек­то­рының атап өтуінше, осын­дай талаптар негізінде философия, әлеуметтану, пси­хология, тіл білімі, антро­по­логия мен дін­тану, жур­на­лис­тика, эко­но­­мика мен кәсіп­керлік салаларын қамтитын алғашқы 18 оқулық іріктелген.
Елбасы тұсаукесер рәсі­мінде аталмыш кітаптардың артықшылығы туралы айтты.
– Негізі, кітаптардың бар­лығы менің үстелімде жатыр. Бір аптадан бері оты­рып, бә­рін парақтап, біз оқы­ған кез­де қолға тимеген дү­ниелер екеніне кө­зім жетті.
Менеджмент болсын, бас­қару бол­­сын, бә­­рін біліп-танып жа­тыр­мыз ғой. Бірақ мы­­­нау пси­xо­ло­гия, тіл тариxы сия­қты ғы­лым са­ла­ла­ры­мен те­рең та­ныс­қа­ны­мыз жоқ. Ағыл­шын ті­лін­де оқы­ған жас­­та­­ры­мыз оқы­­ған шы­ғар. Бі­рақ қа­зақтың ба­ла­­сы әлі та­ныс­паған. Сондықтан біз бір жағы­нан қазақ тілін ба­йытып, екінші жағынан бі­лім­ді одан ары өсі­ре­міз деп, осы жобаны қолға алып отырмыз, – деді ол.
Мемлекет басшысы «100 жаңа оқулық» жобасы бо­йынша Үкімет Ұлттық аударма бюросына бірқатар нақты тапсырма беруі керектігіне тоқталды.
– Біріншіден 2018 жылға бекіті­летін 30 кітапты сапалы аударып, басып шығару керек. Аудармашыларға жұмыс толып жатыр. Оған қар­жы­ны уақ­ты­лы бө­лініп, одан кейінгі жылдар­да қолға алынатын оқу­лық­тар дер кезінде бе­кі­ті­ліп са­рап­та­луы ке­рек. Екін­ші­ден, бұл оқу­лық­тар­ды бі­лім жү­йе­сі­не тиім­ді ен­­гізу ең ма­ңыз­ды. Жас­тар оларды бір­ден-бірден оқи бас­тауы қа­жет. Алдағы оқу жы­лынан бастап осы оқулықтармен оқытылатын пәндер білім беру бағ­дарламасына енгізілсін. Үшін­шіден, қолданысқа енген терминдерді жинақтап, гуманитарлық-экономикалық лексиканың түсіндірме сөз­дігін шығаруды жүктеймін, – деді Елбасы.
ҚР Президенті. Елбасы төртін­шіден, оқулықтарды кә­дімгі кітап түрінде шығару­мен қатар цифрлық негізде, онлайн білім беруді дамытуға тиіс екендігімізді баса айтты.
– Қазақстанның ашық уни­верситеті жан-жақты қол­­дауға ие болуы керек. Оқу­лықтардың негізінде да­йын­далатын ашық лек­ция­лар видеотекасының са­пасына баса мән беру. Бесінші, «100 жаңа оқулық» жобасы ғылыми аударма мектебін дамыту үшін аса маңызды. Бұл әлі де бо­лашақта бізге керек болады. Сондықтан аудармалар аясындағы тәжірибе, білік, кәсіби дағдыларды жүйелеп, дамыта түсу қа­жет. Осының бәрін сапалы іске асыруға Білім және ғы­лым министрлігі жауапты, ал жалпы жұмысты үй­лестіруді Үкіметке тапсырамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Арман АСҚАРОВ,
ҚазАқпарт

Жауап қалдыру