Өзгерістер игілікке бастайды

0
103

лық құрылымында бір­қатар кадрлық өзгерістер орын алды. 8-тамызда Мем­лекет басшысы «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің Бюро отырысына қа­тысып, партия Төрағасының жа­ңа бірінші орынбасары Асқар Мыр­­захметовті таныстырды. Бұ­рын осы қызметті атқарған Ба­уыр­­жан Байбекке алғыс айт­ты.
Мемлекет басшысы сол күні жұмыс бабындағы сапармен Оң­түстік Қазақстан облысында болды. Сапар аясында облыстық мәслихаттың сессиясына қатыс­ты, оның барысында депу­таттар облыстың жаңа әкімі – Бейбіт Атамқұловтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.
Қазақстан Президенті бұрын­ғы әкім Асқар Мырзах­ме­тов үлкен жұмыс атқарғанын, нәтижесінде өңір экономикасы табысты дамып, әлеуметтік нысандар құрылысы белсенді жүргізіліп, қызмет көрсету саласы жүйелі түрде жақсарып келе жатқанын атап өтті. Нұр­сұлтан Назарбаев Асқар Мыр­захметовтің тәжірибесі мен беделі қазіргі уақытта елдің жетекші саяси күші болып сана­латын «Нұр Отан» партия­сының басшылығында қажет еке­нін айтты.
Мемлекет басшысы облыстың дамуына дәстүрлі түрде зор көңіл бөлінетініне, оның бас­­­шы­сына айрықша жауап­кер­ші­лік жүктелетініне назар ау­дар­ды.
Со­нымен қатар, Қазақстан Пре­зиденті өңір активімен кез­десу өткізіп, оның бары­сында облыстың жаңа әкімін таныстырды. Мемлекет басшы­сы Бейбіт Атамқұловтың түр­лі басқару салаларындағы жұ­мыс тәжірибесін, білім дең­гейінің жоғарылығын атап өтті және өңірдің алдына қой­ған міндеттерді оның игере ала­тынына сенім білдірді.
Елбасы ертесіне, 9-тамыз күні Алматыға келіп, сапар аясын­да қалалық мәслихаттың сессиясына қатысты. Сессия барысында Алматы қаласының жаңа әкімі Бауыржан Байбектің кандидатурасы депутаттар та­рапынан бірауыздан қолдау тапты.

(Ары қарай 2-беттегі «Алма­ты­ның даму бағыттары ай­қын­далды» деген материалды қараңыз).

Жауап қалдыру