Ынтымақтастықтың тиімділігі зор

0
35

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 21 қарашада «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің тө­рағасы және бас атқа­рушы директоры Джон Уот­сонмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның «Шеврон» компаниясымен мұнай-газ са­ласын­дағы ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін тал­қы­лады.
Мемлекет басшысы мұнай-газ саласына қатысты жобалар­ды бірлесе іске асырудың тиім­ділігін айтып, Джон Уотсонға осы жұмыстарды атқаруға қос­­қан үлесі үшін ризашылық білдір­ді.
– Қазақстан «Шеврон» компаниясымен ерекше қарым-қатынас орнатты. Біз ширек ғасырдан астам уақыттан бері бірге жұмыс жасап келеміз. Мен бірлесе атқарған жұмыстарыңыз үшін Сізге алғыс айтқым келеді. Біз сіздермен өзара тиімді ынтымақтастық орната білдік, – деді Қазақстан Президенті.
Джон Уотсон Қазақстан мен «Шеврон» компаниясының ын­тымақтастық мәселелерін тал­қылап, оны әрі қарай да­мы­туға қатысты пікір алмасуға мүм­кіндік туғызғаны үшін Нұр­сұл­тан Назарбаевқа алғыс айтты.
Кездесуде Джон Уотсон Мемлекет басшысына 2018 жылдың ақпан айынан бастап ком­па­нияның бас атқарушы директоры қызметін атқаратын Майкл Виртті таныстырды.

«Астана Медиа Пресс» жаңалықтар агентігі.

Жауап қалдыру