Ынтымақтастыққа –тың серпін

0
35

Елбасы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына қатысты

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Респуб­ликасына ресми сапары аясында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Беларусь Президенті Александр Лукашенконың төрағалы­ғымен басталған шараға Ресей Президенті Владимир Путин, Армения Президенті Серж Саргсян, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков қатысты.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылуының 25 жылдығы мен ұйымның құрылғанына 15 жыл толуы аясында өтетін мерейтойлық сессия барысында мемлекет басшылары өткен кезеңдегі ҰҚШҰ қызметінің қорытындысын шы­ғарды. Сонымен қатар ал­дағы уақытқа арналған жос­пар­­ларды белгілеп, әлемдегі және ҰҚШҰ жауапкершілігі айма­ғын­дағы ағымдағы мәселе­лерді талқылады.
Мұнан бөлек, Ұйымға мүше мемлекеттердің Президенттері Корея түбегіндегі, Ауғанстан мен Сириядағы жағдайларды қоз­ғап, халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктегі өзекті мәсе­ле­­лер бойынша пікірлер ал­мас­­ты.
ҰҚШҰ ҰҚК сессиясының қорытындысында мерейтойлық декларация қабылданып, Сирия және оның төңірегіндегі жағдайларға қатысты бірқатар бірлескен мәлімдемелер жасалды.
Минск саммитінің қорытын­дысында ҰҚШҰ-ға төрағалық Қазақстанға өтеді.
ҰҚШҰ ҰҚК-нің 2016-2017 жылдардағы сессияаралық ке­зеңінің төрағасы – Беларусь Пре­зиденті Александр Лукашенко. Ұжымдық қауіпсіздік кеңе­сінің сессиясы шағын құ­рамда және жалпы отырыс форма­тында өтті. Оған ҰҚШҰ бас хатшысы Юрий Хачатуров қатысты.
Қазіргі уақытта ҰҚШҰ құрамына 6 мемлекет кіреді. Олар: Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан. ҰҚШҰ-ның басты міндеттері –мүше елдердің ұлттық және ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың әскери-саяси өзар іс-қимылдарын және интеграциясын тереңдету, қауіпсіздіктің халықаралық және өңірлік проблемалары бойынша сыртқы саяси ұстанымдарын үйлестіру,  сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша ынтымақтастықты дамыту, әскери-техникалық ын­тымақтастықты жүзеге асыру.

Жауап қалдыру