Ғылымның жан-жақты дамуына жасалған жағдай

0
101

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 25-қаңтарда Назарбаев Университетінің медицина мектебінде болды. Іс-шара барысында Қазақстан Президенті бейінді білім берудің заманауи талаптарына толықтай сай келетін медицина мектебінің жаңа ғимаратын аралап көрді.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев оқушылармен және педагогтармен кездесті.
Әңгімелесу барысында Елбасы қазіргі уақытта әлемнің медицина мен биология сала­сындағы ғылыми прогресс алдында тұрғанын атап өтті.
– Жаңа медицина мектебінің жабдықталуын, оқыту деңгейін әлемнің үздік университеттерімен салыстыруға болады. Сондықтан мен өздеріңізден үлкен жаңалықтар күтемін. Сіз­дердің зерттеулеріңіз, зертха­налық мүмкіндіктеріңіз, оқыту­шылардың ғылыми әлеуеті сыр­қаттың ең күрделі түрлерін емдеудің, адам өмірін ұзартудың жаңа әдістерін табуға мүмкіндік береді. Бұл мектеп өзімен бірге басқа университеттерді ілгері жетелейтін негізгі базалық оқу орны ретінде құрылды, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен бірге, Қазақстан Президенті XXI ғасырда ақ­парат­тық технологиялармен қа­тар медицина мен биология­ның да алдыңғы орынға шығып отырғанын айтты.
– Барлық ғылымдар өзара байланысты, көптеген жаңалықтар олардың тоғысуынан пайда бо­лады. Осы оқу орнының қабыр­ғасында ғылым дамуға тиіс, бізге жан-жақты ғалымдар қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жауап қалдыру