Халықтың тұрмыс сапасы арттырылады

0
153

5 наурыз күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Ма­мин­нің төрағалығымен өткен Үкімет отыры­сында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамы­тудың 2015-2019 жылдарға арналған мем­ле­кеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр баяндады.
Ұлттық экономика ми­нистрлігінің деректеріне сәй­кес, «Нұрлы жол» мемле­кеттік бағдарламасын іске асыруға 2018 жылы бар­лық қаржыландыру көз­дерінен шамамен 791 млрд теңге көзделген, соның ішінде рес­­публикалық бюджет­тен 437,2 млрд теңге қарас­ты­рылған, оның 437,1 млрд тең­­гесі немесе 99,9%-ы иге­рілген.
Р. Дәленовтың айтуынша, көлік инфрақұрылымын дамыту аясында жалпы 4,6 мың км құрылыспен және реконструкциялаумен қа­мтылды және 2018 жыл­дың қорытындысы бойынша 528 км қозғалыс ашылды. 928 км темір жолға күр­делі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қостанай облы­сында ұшу-қону жола­ғын ре­конструкциялау жұмыс­тары жүргізілді және Семей әуежайы ұшу-қону жола­ғын реконструкциялау жұмыс­тары аяқталды. 2018 жылы 172,7 км инженерлік желілер салынды, олардың тозуы 60%-дан 57%-ға дейін тө­мендеді. Бағдарламаны іс­ке асыру 2018 жылы ЖІӨ өсі­міне үлес қосып, жоспарда 55 мың жұмыс орны ке­зін­де 86 мыңнан астам жұ­мыс орнын құруға жол ашты.
Өз кезегінде Р. Скляр «Нұр­лы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында автожол жобаларын іске асыру жалғасып жатқанын атап өтті. Мемлекеттік бағ­дар­ламаны іске асыру басталғаннан бері автожол саласында 2,4 мың км рес­публикалық маңызы бар автожол салынды және қай­та жаңғыртылды.
Биыл 4,4 мың км жол қайта жаңғыртылады, жо­ба­ларға 100 мыңнан астам жол құрылысшылары тар­тылған. Жыл соңында қай­та жаңғыртылған 654 ша­қырым автожол қозға­лысын ашу жоспарлануда. Республикалық маңызы бар 1,6 мың км автожол жөнделеді.
– Биыл қаңтар айының соңында жалпы ұзақтығы 471 шақырым болатын Алматы – Қорғас, Алматы – Қапшағай және Астана – Теміртау жол учаскелерінде ақы алу жүйесі толық іске қосылды. Жалпы 2019 жылдың қорытындысы бойынша ақылы учаскелерден түсетін жыл сайынғы қаржы шамамен 5,4 млрд тг құрайды. Келесі жылы ақы алу жүйесін тағы 5,5 мың км жүргізу жоспарлануда, – деді Р. Скляр.
Жалпы, 2022 жылдың соңына қарай ұзақтығы ша­мамен 6,5 мың км жол ақылы болады. Одан тү­сетін қаржы 40 млрд тең­геге жетеді деген бол­жам бар. Бұл қаржы жол­дың өзін өзі қамту режиміне өтуге мүмкіндік береді.
«Нұр Отан» партиясының съезінде Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес, жергілікті желі жол­дарын дамытуды қар­жыландыру жыл сайын­ғы негізді 200 млрд теңгеге дейін ұлғайтылатын болады. Бұл шаралар 2025 жылдың соңына қарай 35 мыңға жуық шақырым жолды жөндеп, жергілікті желідегі жолдардың 95%-ын жақсартуға мүмкіндік береді

Сонымен қатар, азамат­тық авиацияда көрсеткіш­тердің тұрақты өсімі бай­қалып отыр. 2018 жылы транзиттік жолаушылар саны 45%-ға артып, 900 мың адамды құрады. 2020 жылы транзиттік әуе жолаушыларының саны 1,6 млн адамды құрайтын болады.
Мемле­кеттік бағдар­ла­маны іске асыру кезеңінде 3259,7 шақырым жылумен, сумен қамту және су тарту желілері, 24 қазандық, 71 басқа да нысан салынды. 2019 жылы 175 шақырым инженерлік желіні қайта жөндеу мен салуға 37,9 млрд теңге қарастырылған.
Бағдарламаны іске асыру көлік саласындағы мак­­роэкономикалық көр­сет­кіштердің қарқынын сақ­тап қана қоймай, соны­мен қатар арттыруға мүм­кіндік берді. Тек өткен жыл­­дың өзінде негізгі ка­питалға салынған инвес­тициялардың нақты өсімі 6,1%-ға өсіп, шамамен 1,5 трлн теңгені құ­ра­ды. Бұл ретте, көлік қыз­мет­терінің көлемі 4,6%-ға, еңбек өнімділігі 3,4%-ға өсті. Бар­лық жобаларды іс­ке асыру барысында 127 мың уақытша және 34 мың тұ­рақ­ты жұмыс орны құ­рыл­ды.
Р. Склярдың айтуынша, әзірленіп жатқан бағ­­дар­­­лама аясында инфра­құ­рылымдық даму­дың жаңа саясаты мына­дай қағи­дат­тарға негізде­­­ле­тін болады: облыс­тық жә­не аудандық деңгейге баса назар аудара отырып, халықтың өмір сүру са­пасын арттыру, көлік түрлерін бірыңғай жүйеге біріктіру контекстінде көлік инфрақұрылымын дамыту, интеллектуалдық тех­но­логияларға, цифр­лан­ды­руға және жаһан­дық жү­йелерге интегра­циялауға не­гізделген шешімдердің ба­сымдығы.
«Солтүстік – Оңтүстік» электр тарату желілерін салу және «Қарағанды – Балқаш» жолын салу жобаларын іске асыру туралы Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов, «Ақтөбе – Ақтау» автожолы жобасы бойынша Ақтөбе облы­сы­ның әкімі О. Оразалин баян­дады.

Сондай-ақ талқылаулар барысында Премьер-Ми­нистрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов сөз сөйледі. Ол мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында биыл мемлекеттік органдар мен ЖАО қаражаттарды жыл­дың соңына қалдыр­май, уақытылы игеруі қажет екенін атап өтті.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж. Қасымбек жалпы мемлекеттік бағ­дар­­­ламаны іске асыру 2018 жылдың қорытын­ды­сы бойынша барлық бағыт­тар­да жақсы нәтижелер көр­сеткенін айтты. Құрылыс пен реконструкциялау жұ­мыс­тары жоспарлы режимде жүргізілді, ақы төлеу жү­йесі кезең-кезеңімен ен­гі­зілді. Сонымен қатар, су тарту және сумен жаб­дық­тау мәселелері бойынша қа­жетті іс-шаралар жүр­гізіліп жатыр, 2015 жылдан бастап желілердің тозуы 57 пайызға дейін төмендетілді.
2015–2019 жылдарға ар­налған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іс­ке асырудың бірінші кезеңі аяқталады.
Үкімет басшысы баяндамаларды тыңдағаннан кейін бағдарламаны іске асыру Қазақстанның тран­зиттік әлеуетінің, сонымен қатар, инженерлік инфра­құ­рылымының дамуына үлкен үлес қосқанын атап өтті. Бұл кезеңде 8 мың ша­қырым автожол, 3 ша­қырым жылумен және сумен жабдықтау желілері салынып, реконструкцияланды, 1776 шақырым болатын Солтүстік – Оңтүстік электр беру желілерінің үшінші желісі пайдалануға берілді
– Бағдарламаның аса ма­ңызды міндеті – халық­тың тұрмыс сапасын арттыру. Жаңа жолдар салу жүк тасымалдау кезінде биз­нес үшін көліктік шы­ған­дарды кемінде 15%-ға қыс­қартуға мүмкіндік бе­реді. Нәтижесінде, бұл өзін­дік құнына және тұ­ты­­ну­шылар үшін түпкі бағасына ықпалын тигізеді, – деді Асқар Мамин.
Өткен жылдың өзінде ғана 86 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын айта кеткен жөн. Биыл жоспарға сәйкес тағы 54 мың жұмыс орнын құру көзделген.
Сонымен қатар, бағдар­ламаны іске асыру елдің кө­ліктік әлеуетін дамытуға үлкен серпін берді. Өткен жылдың өзінде ғана транзиттен түскен кіріс $1,5 млрд құрады.
Премьер-Министр эко­но­миканың дамуына үлкен үлес қосқан және ұзақ мер­зімді оң әсер тигізген жобалардың бірі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы болғаныны атап өтті, оның аясында 47 жаңа өндіріс пен 73 қызмет көрсету нысаны құрылды. Жобаны іске асырудың орташа жылдық жиынтық тиімділігі 200 млрд теңгені құрайды.
– Бағдарлама аяқтала­тын биылғы жылға да үлкен жоспарлар бар. Рес­пуб­ликалық маңызы бар 4,4 мың шақырым жол реконструкцияланып, 5 мың шақырым жергілікті жол жөнделеді. Осыған орай, мем­­лекеттік органдар, құ­ры­лыс компаниялары бел­гіленген жоспарларды орын­дау үшін қарқынды жұмыс атқаруы тиіс, – деді Асқар Мамин.
Индустрия және инфра­құрылымдық даму ми­нистр­лігіне «Нұрлы жол» бағдарламасының 2020–2025 жылдарға арналған келесі кезеңін әзірлеуді тез­дету тапсырылды. Осы айда бағдарламаның тұжы­рымдамасын ұсыну қажет.

Жауап қалдыру