ТМД-ның экономикалық негізін нығайту маңызды

0
136

27-28 қыркүйек күндері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасында жұмыс сапармен болды. Мемлекет басшысы сапар барысында Тәжікстан Республикасының Прези­денті Эмомали Рахмонмен кездесіп, екіжақты қатынас­тардың қазіргі мәселелерін және экономиканың түрлі секторларындағы ынтымақ­тастықты одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады. Мұнан соң Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.
Отырыста Елбасы ТМД ая­­сын­дағы қарым-қаты­нас­тарды нығайтып, дамыту үшін атқарылған жұмыс­тар­дың нәтижелеріне тоқ­тал­ды.
Нұрсұлтан Назарбаев ұйым­­ды реформалау жә­не Достас­тықтың тұжы­рым­да­малық құжаттарын жаңар­ту жолында қолға алынып жат­қан шаралардың тиім­ділі­гін атап өтті.
Қазақстан Президенті мем­лекет­аралық қатынас­тарды одан әрі тереңдетуге септігін тигізетін бірқатар перспективті бағыттарға назар аударды.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысы ТМД-ның эконо­микалық негізін нығайтып, елдер арасындағы сауда кедергілерін жоюға бағытталған шаралар қабылдау қажеттігі туралы айтты.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту жә­не ТМД-ға мүше барлық елдер­дің көлік-транзит әле­уетін пайдалану жөніндегі мәселелерге тоқталды.
Қазақстан Президенті ғы­лы­ми-ғарыш, цифрландыру және туризм сала­ла­рындағы бір­лескен жобаларды іске асыру мәселесіне назар ау­дар­ды.
Мемлекет басшысы Қазақ­станда құрылған «Астана» халықаралық қаржы орта­лығының ерекшеліктері жө­нінде әңгімелеп, ТМД-ға мүше елдердің бәрін Қаржы орта­лығының жұмысына белсенді атсалысуға шақырды.
ТМД елдері басшылары кеңесі отырысының қоры­тындысы бойынша бірқатар ше­шімдер мен құжаттар қа­был­данды. Олар:
1. Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­­тастығына қатысушы мем­лекеттердің ақпараттық технологиялар саласына қа­тысты қылмыстармен күрес жүргізудегі ынтымақтастығы туралы келісім;
2. Ғарыш кеңістігін зерттеу және бейбіт мақсаттарға пайдалану саласындағы ынты­мақтастық туралы Тәуел­сіз Мемлекеттер Дос­тастығы ел­дерінің конвенциясы;
3. Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тас­тығына төрағалық ету туралы;
4. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Же­ңіс­тің 75 жылдығын атап өту­ге дайындық туралы;
5. 1948 жылы 10 жел­тоқ­санда қабылданған Адам құқық­тарының жалпыға ор­тақ декларациясының 70 жылдығына байланысты ТМД-ға қатысушы мем­ле­кет­тердің мәлімдемесі туралы және тағы басқа құжаттар.
6. 2021 жылы Тәжікстан Рес­публикасын­да «Достас­тық­тың мә­дени астаналары» ат­ты мемлекетаралық бағ­дар­­ламаны жүзеге асыру туралы және тағы басқа құжаттар.
Артынша Мемлекет басшысы Армения Респу­бли­касының Премьер-Министрі Ни­кол Пашинянмен кездесті. Кездесуде тараптар екі жақты ықпалдастық және сауда-эконо­микалық қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Жауап қалдыру