Терроризммен күреске ұжымдық күш-жігер керек

0
102

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 23 мамыр күні Президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларымен және қорғаныс ведомстволарының министрлерімен кездесті.
Елбасы Қазақ­стан­ның Ұжым­­­дық қауіпсіздік шарт ұйы­мына төрағалық ету ке­зеңінде өтіп жатқан Қор­ғаныс министрлерінің ке­ңесі мен Қа­уіпсіздік кеңесінің хатшылары коми­тетінің сес­сияаралық отырыстарына қаты­су­шы­лар­ға ілтипат білдірді.
– Сіздер өкілдік етіп отыр­ған Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Жарғылық органдары кең ауқымды мә­се­лелерді қарастырады. Атап айтқанда, әскери са­ла­­дағы көп жақты ынты­мақтастықты дамыту, ха­лық­аралық терроризмге, заң­сыз есірткі айналымына және заңсыз миграцияға қар­­сы күрес жүргізу, сон­дай-ақ үйлесімді ақпа­рат­тық саясатқа қа­тыс­ты ұстанымдарды әзір­леу мәсе­ле­лерін қарас­тыру көз­деліп отыр, – деді ол.
Мемлекет басшысы әлемде және өңірде күрделі әскери-саяси ахуалдың сақталып отырғанын айтты, сондай-ақ халықаралық террористік ұйым­дардың белсенді әрекет етіп, ақпараттық кеңістікке төнетін қауіп-қатердің артып келе жатқанына тоқталды.
Қазақстан Президенті бірлескен оқу-жаттығулар мен операцияларды жүргізу барысында мемлекетаралық байланыстарды үйлестіру, ұжымдық тетіктерді жетілдіру, сондай-ақ өзара іс-қимылды пысықтау үшін қор­ғаныс ведомстволары мен қауіпсіздік кеңестері ап­параттарының рөлі зор екенін атап өтті.
– Бірлескен қызмет ке­лі­­сіл­ген бағытта және Ұжым­дық қауіпсіздік шарт ұйымының 2025 жылға дейінгі даму стратегиясында нақтыланған жарғылық міндеттерге сәйкес жүргізілуге тиіс. Біздің Жедел әрекет етуші ұжымдық күштеріміз әрдайым өздеріне жүктелген міндеттерді орын­дауға да­йын, – деді ол.
Елбасы Алматы облысында өткен «Кобальт-2018» оқу-жаттығу ша­ра­ларының нәтижелеріне тоқталды.
Қазақстан Президенті Жедел әрекет етуші ұжымдық күштерді материалдық-тех­никалық тұрғыдан қам­тамасыз етудің нақты бағ­дарламалары мен жоспарларын әзірлеу қажеттігіне назар аударды.
Елбасы әскери-техни­ка­лық ын­ты­мақтастық сала­сын­дағы практикалық шара­ларға ерекше көңіл бөлуге шақырып, «KADEX-2018» көр­месінің мүм­­кіндіктерін пай­далану қа­жет­тігін айтты.
– Қазір Ұжымдық қауіп­сіздік шарт ұйымының біріккен штабының саны едәуір өсті. Сондықтан оның жұ­мы­сы сапалық тұрғыдан жақ­сарады деп үміттенуге құқы­мыз бар. Қазақстан халық­аралық терроризмді жалпы әлем­дегі және Ұжымдық қа­уіпсіздік шарт ұйы­мының жауапкершілігі аясындағы ең өткір проблема деп санайды, – деді Елбасы.
Президент халық­ара­лық терроризмге қарсы тұру ісінде ұжымдық күш-жігердің тиім­ді болатынын атап өтті.
Сонымен қатар Нұр­сұл­­тан Назарбаев Ұжым­дық қа­уіпсіздік шарт ұйы­мы­ның ха­лық­аралық қоғам­дас­­тық­пен байланысын ке­ңейту, шы­найы қатер­лерге қарсы ти­імді шара­лар ұйым­дас­тыру, ақ­па­раттық және кибер­­қауіп­сіздікті қам­та­ма­сыз ету мәсе­ле­леріне тоқ­тал­ды.
Соңында Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлері кеңесі мен Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының комитеті Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының ортақ міндеттерін шешуге зор үлес қосатынына сенім білдірді.

akorda.kz

Жауап қалдыру