Тағайындаулар

0
71

Ғабит Байжанов ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 19 қыркүйек күні мәлім етті.
«Ғабит Жақыпбайұлы Бай­жанов Қазақстан Рес­пуб­ли­касы Президентінің көмек­шісі – Қауіпсіздік Кеңе­сінің хатшысы болып таға­йын­далсын, ол Қа­зақ­стан Республикасы «Сыр­бар» Сыртқы барлау қызме­тінің дирек­торы қызметінен боса­тылсын», – делінген Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан На­зарбаевтың Жарлығында.
Сондай-ақ Мемлекет бас­шысының Жарлығымен Марат Ерсайынұлы Шайхут­динов Қа­зақстан Респуб­ликасы Пре­зидентінің көмек­шісі – Қауіп­сіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уа­қытша атқарудан боса­тылды.
***
Ғабит Байжанов 1963 жылы туған. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Барлау» қызметі директорының орынбасары (2007 жыл);
«Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бі­рінші орынбасары (2009-24.02.2015);
ҚР «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры (24.02.2015 жылдан бастап, 04.05.2015 жылы қайта тағайындалды) болып еңбек еткен.
Соңғы лауазымы – ҚР «Сырбар» сыртқы барлау қыз­метінің директоры.
ІІ дәрежелі «Даңқ» ор­де­німен марапатталған.
Генерал-майор, сыртқы бар­лаудың генерал-лейте­нан­­ты шендеріне ие.
Сондай-ақ 18 қыркүйекте ҚР Президентінің Қау­лысымен Смайылов Әлихан Асханұлы ҚР Қаржы ми­нистрі болып тағайындалды.
Әлихан Асханұлы Смайы­лов 1972 жылы туған. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін қолданбалы математика мамандығы бо­йынша бітірген.
1998-1999 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, сектор меңге­ру­шісі, мемлекеттік инспектор. 1999-2003 жылдары – ҚР Статиститка агенттігінің төра­ғасы. 2003 жылғы ақпан мен шілде аралығында – ҚР Сыртқы істер вице-министрі. 2008-2009 жылдары – ҚР Қаржы вице-министрі. 2009-2014 жылдары – ҚР Респуб­ликасы Статистика агентті­гінің төрағасы. 2014-2015 жыл­дары – ҚР Ұлттық эко­номика министрлігінің Ста­тис­тика комитетінің төра­ғасы қызметтерін атқар­ған.
2015 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Жар­лығымен Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің көмек­шісі болып тағайындалған.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан тә­уел­сіздігіне 10 жыл», «Қа­зақ­стан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен мара­пат­тал­ған. «1 рангты кеңесші» дипломатиялық рангы бар.

Жауап қалдыру