Тұтынушылар құқығы бәрінен жоғары

0
40

2 мамыр күні ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жылдық есеп аясында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды.
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ҚР Үкіметінің тапсырма­ларын іске асыру мақ­сатында тұтыну­шы­лар­дың құқықтарын қор­ғау саласындағы есеп­ті­лік­тің және қызметті тал­да­малық бағалаудың бірың­ғай әдіснамалық тә­сіл­дері бекітілгенін, ол тұтынушылардың құ­қық­тарын қорғаудың жай-күйі туралы жылдық есеп­ті дайындау кезінде пай­да­ланылатынын атап өтті.
Тұтынушылардың құ­қық­тарын қорғау жүйе­сін одан әрі жетілдіру үшін мемлекеттік органдардың ұсыныстары пысық­та­лып, тұтынушы­лардың құ­қықтарын қорғау мәсе­лелері жөніндегі үйлес­тіру кеңесінің отырыстарында қаралды. Алыс және таяу шет елдердің заңнамасына талдау жүргізілуде.
Мемлекеттік орган­дар­дың ақпараты бойынша 2017 жылы тұтынушы­лардың 23 мыңнан ас­там өтініші түскен. Өтініш­тердің басым бөлігі Ұлттық банкке (13 100), Ұлттық экономика министрлігіне (4294), Денсаулық сақтау министрлігіне (5096) түскен.
Мәселелердің сипаты бойынша өтініштердің ба­сым бөлігі қаржылық қыз­меттер (13 148), денсаулық сақтау (5020), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (4000), бөлшек сауда (1798) салаларына тиесілі.
«Мемлекеттік орган­дар, жергілікті атқару­шы органдар мен тұтыну­шы­лардың қоғамдық бірлестіктері ұсынған ақпаратқа сәйкес 2017 жылы тұтынушылардың 50 мыңға жуық өтініші түскен, оның ішінде мемлекеттік органдардың үлесіне өтініштердің 47,6 пайызы, қоғамдық бірлестіктерге 47,5 пайызы, жергілікті атқарушы ор­гандарға 4,9 пайызы тиесілі», – деді Т. Сүлей­менов.
Медициналық қызмет­тер тұрғысынан тұ­тыну­шылардың құқық­тарын қор­ғау бойынша ат­қарылып жатқан жұмыс­тар туралы ден­саулық сақтау министрі Елжан Біртанов баян­­дады.
2017 жылдың қоры­тындысы бойынша 8,891 млн теңге сомасына 430 әкімшілік хаттама жасалды. Өткен жылы 229 жеке тұлға, 87 лауазымды тұлға және 23 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2017 жылы 439 материал құқық қорғау органдарына жіберілді.
«Өнімдердің қауіпсіз­дігіне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша 1300-ден астам ұйғарым берілді, 1024 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, 415 сот шешімі қабылданды, сауда кәсіпорындарында 40 тоннадан астам өнім сатылымнан алынып тасталды, жалпы сомасы 19,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұлдар салынды», – деп атап өтті Е. Біртанов.
Министрдің айтуынш­а, 34 мыңнан астам та­мақ өнімдерінің үлгі­лері тексерілді, оның ішінде техникалық регламент­тердің талаптарына сәй­кес келмеуі бойынша 2624 сынама анықталды, ол 8,3 пайызды (2016 жылы – 10,4%) құрады.
Денсаулық сақтау ми­нистрлігінің басшысы атап өткендей, халық­тың тұтынушылық са­уат­ты­лы­ғын арттыру мақсатында БАҚ және әлеуметтік желілер арқы­лы өнімдердің қауіпсіз­дігін мониторингтеу нәти­же­лері туралы ақпа­рат үнемі жарияланып отырады.
Мәселені қарау қоры­тын­дысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Б. Са­ғынтаев тұтынушы­лар­дың құқықтарын қор­ғау бойынша нақты жұ­мыс жүргізіліп жатқа­нын атап өтті.
Сақтандыру проблемалары бойынша көптеген сұрақтар туындайды. Оларды Ұлттық банкпен бір­лесе отырып реттеу керек. Премьер-Министр Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен және өңір­лердің әкімдіктерімен бір­лесіп, көтерілген бар­лық мәселелерді пысық­тауды тапсырды.
Бақылау жұмыстары Премьер-Министрдің орын­басары Е. Досаевқа жүк­телді.

primeminister.kz

Жауап қалдыру