Тұрақты айлығы жоқ имамдардың мәселесі шешіледі

0
48

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени да­му және ғылым комитетінің ке­ңей­тілген отырысында ҚР Қо­ғам­дық даму вице-министрі Берік Арын тұрақты айлығы жоқ имам­дарға қолдау көрсету шара­лары пысықталып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқ­парат.
– Діни басқарманың іш­кі ережелеріне сәйкес, ме­шіт­терге түсетін қара­жат­тың 30 пайызы орта­лыққа бағытталады. Өйткені өз­дері­нің әкімшілік шығын­дары бар, айлық төленеді. Бірақ, кейбір ауыл­­дық жер­лерде мүлдем ақша түспей­тін мешіттер бар екенін білеміз, сәйкесінше олар­дың жағдайы да өте нашар. Бұл тұрғыда қол қусырып отырған жоқпыз. Былтыр «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры құрылған болатын, сол Қордың түскен қаржысының аясында еліміз бойынша 355 шалғай ауылдағы және түрмеде экстремизм мен лаңкестік баптары бойынша сотталғандармен жұмыс істейтін имамдарға айына 50-ден 80 мың теңгеге дейін үстемеақы төлеп отырмыз, – деді Берік Арын.
Сонымен қа­тар ол ай­лық­сыз жұмыс істеп жат­қан мешіт қыз­мет­кер­леріне қол­дау жасау шаралары қа­ралып жат­қанын жеткізді.
– Жаз бойы жұмыс істеп, бүкіл мешіттер бойынша есеп-қисап жүргіздік. Оларда тұрақты айлық алатын 30 пайыз ғана имам бар. 70 пайызында тұрақты айлық жоқ. Бұл мәселені түпкілікті шешу жолында Үкіметке тиісті ұсыныстармен шық­тық. Осы орайда нақты жұмыстармен айналысатын адамдардың мәселесін шешу ескерілген, – деді вице-министр.
Айта кетейік, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген оты­рысында «Қазақстан Рес­публикасының кейбі­р заң­намалық актілеріне ді­ни қызмет және діни бір­лес­тіктер мәселелері бо­йынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу ту­ра­лы» заң жобасы тал­қы­ланды. Жобада мемлекеттік қызметшілердің дін саласындағы әдебіне байланысты бірқатар талаптар нақтыланған.
Руслан ҒАББАСОВ

Жауап қалдыру