Сыртқы саяси бағытымыз сақталмақ

0
101

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы 9 көкекте Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады.
Кездесу барысында Нұр­сұл­тан Назарбаевқа ми­нистр­ліктің қазіргі қыз­меті және алдағы жұмыс жос­пары туралы мәлім­делді.
Елбасы сыртқы саяси бағытымыздың сабақ­тас­тығын қамтамасыз ету­дің және Қазақстанның стра­тегиялық серік­тес­тері­мен ынты­мақтастықты ны­ғай­туға бағытталған шара­лар­ды біртіндеп іске асы­рудың маңыздылығына тоқталды.
«Елімізде елеулі саяси өзгерістер болды. Биліктің қалыпты әрі бейбіт жолмен берілуін қамтамасыз етіп, бүкіл әлемге Конституция аясында әрекет ететінімізді көрсеттік. Бұл – барша жұрт үшін айтулы оқиға. Қазір ең бастысы – осыған дейін қалыптасқан сыртқы саяси бағытымыздан айнымау. Ең алдымен, жақын көр­ші­лерімізбен арадағы қа­тынастарға назар аудару керек. Бұл қатынастар өза­ра сенімге негізделуге тиіс», – деді Нұрсұлтан На­зар­баев.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті, сондай-ақ, шет елдерге жасалатын сапарларға және халық­аралық іс-шараларға мұ­қият дайындалу қажет­тігін атап өтті.
«Қазіргі таңда мынадай мәселелерге баса мән беру керек. Біріншіден, Оңтүстік Корея Президентінің Қа­зақ­станға сапары. Екін­ші­ден, «Бір белдеу, бір жол» форумына қа­тысу үшін Қытай Халық Рес­пуб­ликасына жасалатын сапар. Сонымен қатар, Еуразия экономикалық ода­ғының мерейтойлық сам­митін өткізу үшін жақсылап дайындалу керек. Оның бес жылдығын елордамызда атап өтеміз», – деді Елбасы.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –

Елбасының Баспасөз қызметі

Жауап қалдыру