Сыртқы факторларға шара қолдану тапсырылды

0
31

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен 4 желтоқсан күні Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Жиын барысында сыртқы факторлардың ұлттық қауіпсіздік ахуалына әсері және қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі мәселелер қаралды.
– Қазақстанға әсер ететін сырт­қы факторлардың бар екенін бәріміз білеміз. Солардың ішінде Ре­сей мен АҚШ арасын­дағы санк­циялық текеті­рес, Қы­тай мен АҚШ арасын­да­ғы сауда шиеленісі, Си­рия­­дағы ахуал және бас­қа да жағдайлар бар. Осы­ған байланысты бізге мәселелерді талқылап, тиісті шаралар қабылдау қа­жет, – деді Қазақстан Пре­зи­денті.
Күн тәртібіндегі екінші мә­селені талқылау ба­ры­­сында Қорғаныс ми­нистрі Н.Ермекбаев Қару­лы Күштердің биылғы оқу жылындағы әскери дайын­дығының және өткізілген оқу-жатты­ғу­лар­дың негізгі қорытын­дылары, сондай-ақ әскердің жауынгерлік дайын­дығын арттыру жө­нінде қабылданып жат­қан шаралардың нәти­желері тура­лы баяндама жасады.
Сонымен қатар, жиын барысында қорғаныс өнер­кәсібі кәсіпорындарын жаң­­ғырту және қорғаныс өнім­дерінің жаңа түрлерінің өн­дірісін игеру жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.
Басқосу қорытындысы бой­ынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Жауап қалдыру