Сындарлы ынтымақтастық даму тетігі

0
45

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Мирослав Лайчакпен кездесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сыртқы сая­сатының бейбітшілдік сипа­тын атап өтіп, еліміздің халықаралық ұйымдармен арадағы сындарлы ынты­мақ­­тастыққа адал екенін айтты.
«Сіздің Словакияның Сыртқы істер министрі әрі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйы­мы­ның қазіргі төрағасы ретінде Нұр-Сұлтан қала­сына келгеніңізге қуаныш­тымын», – деді Мемлекет бас­шысы.
Халықаралық ұйым же­текшісі ЕҚЫҰ-ның мақ­саты қақтығыстардың ал­дын алу, қауіпсіздікті қам­та­масыз ету, жан-жақты тиімді ынтымақтастық орнату екенін атап өтті, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық дағдарыс­тарды реттеудегі страте­гия­лық рөліне ерекше тоқталды.
«Мені және делегация­мызды қабылдауға уақыт тапқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамын. Мүмкіндікті пайдалана отырып, Президент лауазымына кірі­суіңізбен құттықтаймын, сон­дай-ақ Сізге және елі­ңізге зор табыс тілеймін. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы­ның төрағасы ретінде Қазақ­станға келгеніме қуаныш­ты­мын», – деді Мирослав Лай­чак.

Жауап қалдыру