Сот кабинеті

0
14

Бүгінгі таңда «Сот кабинеті» қызметі халыққа тиімді қызмет көрсетуде. Азаматтар мен заңды тұлғалар өзіне ыңғайлы кез келген уақытта, үйде немесе кеңседе отырып-ақ, онлайн режимде «Сот кабинеті» интернет-сервисі арқылы өтініш, арыз, шағым жолдай алады.
Аталмыш қызмет түрі арқылы электронды түрдегі өтінімдерді жіберу, мемлекеттік алымдарды онлайн түрде төлеу, деректерді сақтау және жіберу операцияларын орындауға немесе істің қаралу барысын бақылау мүмкіндіктеріне ие болады. Кез келген уақытта сот құжатын қарап, деректермен танысып, сот актісін басып шығара алады. Сот кабинетіне кіру үшін ҚР Ұлттық куәландырушы орталығынан электрондық цифрлық қолтаңба алу қажет.
Сот процесіне қатысушы тараптарға сот тыңдалымы туралы талон жолданады. Жедел ақпараттандыру мақсатында сот процесіне қатысушыларға судьяның электронды-цифрлық қолтаңбасы қойылған сот актілерінің шыққаны туралы SMS жіберіледі. Сервистегі электронды сот құжаттарын көруге, сақтауға және жүктеп алуға болады.
«Сот кабинеті» азаматтардың құқықтық мәдениетінің жетілуіне және уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Бейбіт ТҰРЫСОВ,
Талдықорған қалалық сотының судьясы

Жауап қалдыру