Әскерилерге – марапат

0
153

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 мамыр күні әскери және құқық қорғау саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.
Мемлекет басшысы мемлекеттік наградалар тапсыру барысында салтанатты шараның Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелері қарсаңында өтуінің де мәні зор екенін айтты. Қазақстан Президенті қауіпсіздік пен қорғаныс саласының аса маңызды екеніне тоқталды.
– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде жоғары санатты, білікті сардарлар мүлде аз болды. Тұңғыш Президентіміз әр сарбазды жігерлендіре отырып, айбынды әскер құрды. Бүгінде біздің Күштік құрылымдарымыз заманауи техника мен технологияны меңгерген. Олар кез келген қауіп-қатерге қарсы соққы бере алатын айбынды әрі мобильді күшке айналды. Жақында ғана өткен «Айбалта-2019» оқу-жаттығуы – соның айқын дәлелі, – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев адам өмі­рін өрттен, судан араша­лап қалған бейбіт күннің батыр­лары­ның ерліктері туралы да айтты.
– Сіздердің бейбіт күндегі ерліктеріңіз бен игі істеріңіз өскелең ұрпаққа үлгі болуы тиіс. Сондықтан, бүгін біз мінсіз әскери қызметімен, ерен ерлігімен дараланған азаматтарды марапаттау үшін жиналып отырмыз, – деді Мемлекет басшысы.
Салтанатты шарада І дәрежелі «Даңқ» орденімен ҚР Қарулы Күштері Бас шта­­бы бастығының орын­баса­ры Алдабергенов Әділбек Қа­л­­и­бекұлы, ҚР Бас Про­курорының орынбаса­ры Кененбаев Ерлік Әбдіра­қым­ұлы, ҚР Қарулы Күштері Құрлық әс­керлері бас қолбас­шы­сы­ның орынбасары Рысбаев Василий Несіпқазыұлы марапатталды.

Жауап қалдыру