Әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдау маңызды

0
49

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 22 қараша күні Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің қарулы күштерінің қазіргі жағдайы және министрліктің биылғы жұмыс жоспарының іске асырылу барысы жөнінде есеп берілді.
Қазақстан Президенті әскери қызметшілерді әлеуметтік тұр­ғыда қамтамасыз ету шара­лары­ның жүзеге асырылуына ерекше назар аударып, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына еңбекақыны көбейту жөнінде шешім қабыл­дағаны үшін әскери қызмет­ші­лердің ризашылығын жеткізді.
Бұдан бөлек, Сәкен Жасұзақов Елбасыға жалдамалы тұрғын-үй мен тұрғын-үй құрылыс жинақ жүйесінің тетіктерін пайдалану арқылы әскери қызметшілердің тұрғын-үй мәселесін шешуге бағытталған шаралар жөнінде мәлімдеді.
Сондай-ақ, Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына Қа­зақстан армиясын ма­те­риалдық-техникалық тұрғыда жаб­дықтау және 2017 жылы ел жастарын әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу бағытында ат­қарылған жұмыстар жөнінде мәлімет ұсынды.
Кездесу қорытындысы бо­йынша Қазақстан Президенті бір­қатар нақты тапсырма берді.

Жауап қалдыру