Шымкент инновациялар қаласына айналады

0
95

Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында 2015 жылды қорытындылап, есеп берді. Әкім Оңтүстік өңірдегі көшбасшы облыстың бір жылдық тынысын баяндай келе, болашаққа құрған жоспарларымен таныстырды.
2015 жылы Шымкентте «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 4271 пәтерлі 74 тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал осы жылы облыс бойынша 1 816 пәтерлік 115 үйді тапсыру көзделген. Биыл тапсырылатын үйлердің 35-і, яғни 1260 пәтер Шымкент қаласында пайдалануға беріледі. 2015 жылы 104 білім ошағының құрылысы жүріп, 66-сы тапсырылды. Нәтижесінде, 30 апатты, сондай-ақ үш ауысымдағы 3 мектептің мәселесі шешілді.
Индустрияландырудың екін­ші бесжылдығында 869 млрд. теңгені құрайтын 115 жобаны іске қосу жоспарланып, нәтижесінде 20 мың жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Ағымдағы жылы 35,2 млрд. теңге сомасындағы 22 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл бағытта 1,1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылатын болады.
Облыста индустриалды ай­мақ­тарды әр қа­лада, әрбір ау­дан­да құруға ек­пін қойылуда. Бү­гінде 11 ин­дуст­риалды ау­мақ құрылып, 151 жоба ай­қын­далды. Осы орайда 163 млрд. теңге инвестиция тартылып, 13 мың тұрақты жұмыс орны құрылмақ. 7 индустриалды аймақ бойынша инфрақұрылым толық тартылып, 50 кәсіпорын іске қосылды. Ағымдағы жылы 20,1 млрд. теңге сомасында 29 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл бағытта 1 323 жаңа жұмыс орнын құру қарастырылған.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласының аумағы қатты өсуде. Біздің Шымкент қаласына 40 елді мекен қосылды және 81 шағын аудан құрылған. 2014 жылы іске қосылған қоқыс өңдеу зауыты барлық қоқысты өңдеп үлгере алмай жатыр. Толыққанды қоқыс өңдейтін зауыт деп оны айтуға келмейді, оны қоқыс іріктейтін зауыт десе де болады. 2015 жылы ол зауыт Шымкент қаласының коммуналдық шаруашылық меншігіне қайта берілді. Аталмыш кәсіпорынның иесі болып табылатын инвестормен келіссөздер жүргізілуде. Инвестициялық жоспар бойынша, олар бұл іріктеу зауытын толыққанды өңдеу цикліне көшіру үшін, зауытты кеңейтуді көздеуде. Қазіргі уақытта әкімдік пен зауыт Гонконг пен Сингапур тәжірибелерін зерттеді, келешекте біз барлық қоқысты электр энергиясына айналдырып отыруды жоспарлаудамыз.
2015 жылдың қорытындысы бойынша біздің облысымыздың әлеуметтік-экономикалық да­муында оң өзгеріс бар. Жал­пы өңірлік өнім бойынша 2015 жылы болжамды 2 пайыздық өсімді құрайды. Об­лыста өткен жылы 668 млрд. тең­генің өнеркәсіп өнімі өн­дірілді. Өңірде «Индуст­риал­ды-инновациялық даму» бағдарламасының басталғалы құны 228,5 млрд. теңгені құрайтын 164 жоба іске қосылып, 14 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Іске қосылған жобалардың 94 пайызы жоспарланған қуаттылықтың 90-100 пайызына жетті. Бұл көрсеткіш бойынша облыс рес­публикада алдыңғы қатарда.
Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі жыл сайын 20 млрд. теңге деңгейінде тұрақты өсімді көрсетті. 2015 жылдың қорытындысы бойынша оның көлемі 345 млрд. теңгені құрады. Жергілікті өнім облыс аумағындағы жеміс-көкөніске деген сұранысты толықтай қамтамасыз етуде және республиканың елеулі бөлігіне де өнім шығарылуда.
ОҚО – мақта өсіріп отырған жалғыз өңір. 773 мың гектар егіс көлемінің ішінде суармалы жерлердің аумағы 440 мың гектарға жетті. Облыс бойынша өткен жылы 115 гектар жерге жылыжай салынып, жалпы жылыжайлардың жалпы ауданы 1 025 гектарға жетті. Осы орайда республикадағы жылыжайлардың 87 пайызы ОҚО үлесінде екенін атап өткен жөн.
Бүгінде негізгі туристік сала тарихи бағыттарға негізделген, яғни Отырардың, Түркістанның орны ерекше. Осы орайда Қазақстанның және шетелдің туристері археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген жерлерге ерекше қызығушылық білдіруде. Бұл бағытта Сауранның да орны бөлек. Тек өткен жылы Түркістан 1 миллионнан астам туристі қабылдады.
2015 жылдың қорытындысы бойынша қала халқының 91,7 пайызы, ауыл халқының 71,1 пайызы орта­лықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген. Жалпы, орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша біздің облысымыз республикада 4-орында. 2020 жылға дейін ауызсумен қала тұрғындарының – 100 пайызы, ауыл тұрғын­дарының – 80 пайызы қамтыл­мақ.
Ағымдағы оқу жы­лында 1 022 жалпы білім бе­ретін мектептерде 584 мың оқушы білім алуда. 2015 жылы 66 нысан пайда­лануға берілді. Нә­тижесінде 30 апатты және үш ауы­сымда оқытатын 3 мек­теп­тің мәселесі шешілді. Бұл мә­селе 2017 жылы толық ше­ші­мін табады.
«Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі 108 ұйым іске қосылды. Балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 76,8 пайыздан 80,5 пайызға өсті.
Шымкент – елімізде дамытылуы тиіс 4 агломерациялардың бірі. Мұнда өңірдің өнеркәсіптік және ғылыми әлеуеті шоғырланады. Тиісті инфрақұрылым салынады. Біз Шымкент қаласын жақын аудандар үшін дамудың көзі, адамдардың өмір сүруіне ыңғайлы, қауіпсіз, таза, жасыл мегаполиске айналдыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Оның дамуы басқа қалалар мен аудандарға да өз әсерін береді. Біз Шымкенттің зияткерлік орталыққа, стартаптар мен инновациялар қаласына айналғанын қалаймыз.
Біз «ақылды қала» дегенімізде, халыққа ең үздік жағдайларды қамтамасыз ету дегенді білдіреміз. Ресми істерді, бюрократияны жоюды, ешбір бюрократиялық кедергілерсіз, делдалдарсыз қызметті мейлінше тез әрі толық беру деп білеміз. Біз негізінен, мемлекеттік қызметтерді және ақпараттарды автоманттандыруға мән береміз.
Шымкент қаласының автобустарына электронды билет жүйесін енгізу қолға алынбақ.
Биыл біз аталған жүйені енгізу бойынша жұмыстарды қолға ала бастадық. Қала әкімдігі автоматтандырылған билет­теу жүйесін енгізу жайын қарастырып жатыр. Әрине, Алматыдағы «Оңай» жүйесінің тәжірибесін зерттеп отырмыз. Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімідігі басқа да компанияларды шақырып отыр. Автоматтандырылған билеттеу жүйесі енгізілетін болса, автобустарда кондукторлардың орнына арнайы карточкалар қолданылатын болады.
Сонымен бірге, өңірдегі барлық ауылдарға интернет тарату жұмыстары қолға алынуда.
Қазақтелекоммен бұл жұ­мыс­ты бастап та кеттік. Егер әрбір ауылға кеңжолақты интернет жүргізілсе, балалар сапалы білім ала алар еді. Әрбір оқушы онлайн-сабақтарға қатысуға жол ашылады. Біз әрбір ауылға білімді ұстаздарды алып келе алмаймыз, сондықтан интернет арқылы сапалы білім алуға жол ашылғаны дұрыс болады.рталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында 2015 жылды қорытындылап, есеп берді. Әкім, Оңтүстік өңірдегі көшбасшы облыстың бір жылдық тынысын баяндай келе, болашаққа құрған жоспарларымен таныстырды.
Әзірлеген
Әбсаттар ӘЛІП

Жауап қалдыру