Шикізаттық емес экспорт көлемі ұлғайтылуы тиіс

0
124

ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалы­ғымен өткен Үкімет отырысында шикізаттық емес экспортты ілгерлету мәселелері және ұлттық экспорттық саясатты іске асыру барысы қаралды. Экспорттық әлеуетті одан әрі дамыту үшін Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы құрылды.
Атқарылып жатқан жұ­мыс­­тар туралы ұлттық эко­но­мика министрі Р. Дәле­­нов, индустрия және инфра­құры­­лымдық даму министрі Р. Скляр, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, сон­дай-ақ «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бас­қарма төрағасы А. Әріп­ханов баяндады. Өз кезегінде сыртқы істер министрі Б. Атам­құлов сыртқы нарық­тар­да экспорттық өнім­ді іл­гері­­лерту туралы ақ­па­рат­тан­дырды.
– Еліміздің экспорттық әлеуетін дамыту – экономи­ка­ның сапалы өсімін қамта­ма­сыз етудің стратегиялық ма­­ңызды факторы, – деді А. Ма­мин.
2018 жылдың қорытын­дысы бойынша шикізаттық емес экспорт көлемі $23 млрд құрады, соның ішінде шикі­заттық емес тауарлар экспортының көлемі – $15,7 млрд және көрсетілетін қыз­мет­тер экспорты – $7,3 млрд.
Экспорттық стратегияға сәйкес, ҚР Үкіметінің алдында 2022 жылға қарай шикізаттық емес экспортты $32 млрд дейін жеткізу міндеті тұр.
ҚР Премьер-Министрі ЕАЭО аясында серіктес ел­­дермен, Қытаймен және басқа да мемлекеттермен сауда айналымын ұлғай­тудың басты шарты отандық тауарлар мен көрсетілетін қыз­меттердің бәсекеге қабі­лет­тілігін арттыру екенін атап өтті. Бұл үшін экспортты мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған, Қазақ­стандық индустрия және экспорт орталығы құрыл­ды. Бизнесті мемлекеттік қолдаудың қаржылай құрал­дары өндірістен бастап экспорт­қа дейін бір жерде шо­ғыр­ланады.
– Трансшекаралық инф­ра­­құры­лымның сапасы мен қол­жетімділігін арттыру жұ­­мыс­­тарын күшейту қа­жет. Бұл аса маңызды, себебі біздің көршілес сауда серік­тес­теріміздің эконо­ми­каларының өсу болжам­да­ры тұрақты, – деді ҚР Премьер-Министрі.
Отандық ауыл шаруа­шылығы экспортын ілгерілетуге жекелей көңіл бөлінді.
– Біздің өнімдеріміз басқа елдерде танымал болуы тиіс, әрі ортақ экспорттық брендті құру арқылы экспортты дамыту қажет, – деп ҚР Үкіметінің басшысы, оларды сыртқы нарықтарға қар­қынды түрде шығару қа­жет екеніне назар аударды.
Бұл үшін қазақстандық өнді­рушілер өндіретін та­уар­­­лардың сапасын жоға­ры­латып, экспортқа шыға­рылатын елдердің талаптарына және регламенттеріне толық сәйкестігін қам­та­ма­сыз етуі қажет.
– Заманауи зертханалық базаны құру керек. Бұл бизнестің өз тауарлары мен көрсетілетін қызметтеріне тиісті сертификаттар алуына көмектеседі, – деп ҚР Үкіметінің басшысы, экс­порт­қа бағдарланған тауарлар­ды халықаралық элек­тронды сауда алаңдары ар­қылы сату мәселесін пы­сық­тау қажет екенін айтты.
ҚР Премьер-Министрі А. Ма­мин мәселені қарау қо­ры­­тындысы бойынша бір ай мерзімде барлық салалар бойынша экспортты дамыту және көрсетілетін қызметтердің басым секторлары бойынша жол карталарын әзірлеуді, сондай-ақ халықаралық деңгейге сай келетін қазақстандық стандарттар, техникалық регламенттер мен нормларды әзірлеп, енгізуді тапсырды.

Жауап қалдыру