Шетелдік тәжірибенің маңыздылығы зор

0
53

Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев 1 қа­ра­шада «Rothschild & Co» компаниясының басшы­ла­ры Эрик де Ротшильдпен, Клаус Мангольдпен және Джованни Салветтимен кездесті.
Мемлекет басшысы «Рот­шильд» компаниясының қар­жы секторындағы жұмыс тә­жі­рибесі мол және халық­аралық беделі биік екенін атап өтті.
– «Ротшильд» компаниясы – әлемдегі ертеден келе жатқан ірі қаржы институттарының бірі. Сіздердің жеке капитал са­лым­шылармен жұмыс жөнін­дегі тәжірибелеріңіз мол. Бұл тәжірибе біздің еліміз үшін де маңызды. Сол себепті қазір Қазақстанның Ұлттық банкіне кеңес беріп отырсыздар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
– Бұл – менің Қазақстанға алғашқы сапарым. Соңғы екі күндегі әсерлерім өте жақ­сы. Сіз­дің арқаңызда бо­ла­шақта еліңіз жоғары қарқын­мен дамитын болады. Қазақстан гео­гра­фиялық тұрғыдан ұтым­ды жерде орналас­қан. Ол Азия мен Еуропа арасындағы көпір болып саналады. Сіздің экономиканы әртараптандыруға, өнеркәсіпті дамытуға және шикізаттық экономикадан бас тартуға жетелеген үрдістерді айқындай алған көреген қадамыңыз мені тәнті етті, – деді компанияның дирек­торлар кеңесінің төрағасы Эрик де Ротшильд.
«Астана Медиа Пресс»  жаңалықтар агентігі.

Жауап қалдыру