Серіктестікті нығайтуда барлық мүмкіндік пайдаланылады

0
133

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 6 қыркүйек күні Қазақстанға ресми жұмыс сапарымен келген Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен кездесті.
Мемлекет басшысы Нұрсұл­тан Назарбаев А.Дудаға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Польшаның ұлттық күнін өткізуге қатысқаны үшін алғыс білдірді.
Сонымен бірге, Нұрсұлтан Назар­­баев мемлекеттеріміз ара­сын­дағы екіжақты өзара іс-қимылды кеңейту үшін ешқан­дай кедергі жоқ екенін атап өтті.
– Қазақстан поляк бизнесмендері үшін ашық. Сіздің өтіні­шіңізбен елдеріміздің астана­лары арасында тікелей әуе рейсі орнады. Осы әуе қатынасына екі мемлекет тұрғындарының сұранысы жоғары екенін және бұл халықтарымыздың тығыз байланыстар орнатуға мүдделілігін білдіретінін атап өткен жөн, – деді Мемлекет басшысы.
Польша Президенті Қазақ­станға шақырғаны үшін Нұр­сұл­тан Назарбаевқа ризашы­лығын білдіріп, Елбасының Польша­ға жасаған былтырғы сапарының нәтижелері туралы айтты.
– Мен біздің кездесулеріміздің бәрін зор қуанышпен еске ала­­мын. Сіздің Польшаға был­­тырғы сапарыңыз елдері­міз­дің экономикалық ынты­мақ­тас­тығын дамытуға зор үлес қосты. Сіздің сапарыңыз осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға тың серпін бергенін ерекше атап өткім келеді. Польшадан Қазақстанға жеткізілетін тауар көлемі 50 пайызға, ал Қазақстанның Польшаға жолдайтын тауары 80 пайызға артты. Осылайша, Сіздің бізге келген сапарыңыздың нәтижесі айқын көрінуде. Мен соған қуаныштымын, – деді А.Дуда.
Мұнан соң тараптар кеңей­тілген құрамда кездесу өткізіп, төмендегідей құжат­тарға қол қойылды:
– «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы туралы хартия;
– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Польша Республикасы Даму және қаржы министрлігі арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы келісім.

Дастан ҚАДЫР,
«Президент және Халық».

Жауап қалдыру