Сенімді ынтымақтастық өрістей түспек

0
41

Мемлекет басшысы    Нұр­­сұлтан Назарбаев 1 қа­ра­­ша күні Қазақстанға рес­ми сапармен келген Үр­­дін елінің (Иордания) Королі ІІ Абдалламен кез­десті. Тараптар кез­десу барысында екі ел ара­­сындағы қарым-қаты­нас­­­­ты дамыту мәселе­ле­­рін тал­қылады. Үрдін Ха­шимиттік Корольдігінің бас­­­шысын Ақордада сал­та­натты рәсіммен қарсы алған Елбасы өзара әңгіме кезінде екіжақты дип­ло­матиялық бай­ланыс­тар мен кездесу­лердің жоғары дең­гейде өтіп жатқанын атап өтті.
– Сіз дипломатиялық қарым-қатынастарымыздың 25 жыл­дығы қарсаңында ке­ліп отыр­сыз. Осы жылдар ішін­де біз сенімді әрі достық ынты­мақ­­тастық орнаттық. Біз ха­лық­аралық ұйымдар ая­сын­да бір-бірімізге қолдау көр­сетіп келеміз. Үрдін Қазақ­стан­ның жа­һан­дық аренадағы бас­та­ма­ларын қолдап отыр», – деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы ауыл ша­руашылығы, фармацевтика, қорғаныс салалары секілді эко­номиканың түрлі секторын­дағы өзара әріптестік пен іс-қи­­мылдың нығайып келе жат­қанын айтты. Сонымен қатар Н.Назарбаев Иорданияның және оның Королі ІІ Абдалланың Таяу Шығыста бейбітшілік пен қауіп­сіздік орнату барысындағы рөлін ерекше атап көрсетті.
– Сіз әкеңіз Хусейннің рөлін жалғастырып, бейбітшілік ел­шісіне айналып отырсыз. Қа­зақстан да өз өңірінде осын­дай рөлді атқаруға талпынып ке­леді. Біз – ядролық қаруға қарсы қозғалыс көш­бас­шы­ларының бірі­міз, – деді Елбасы.
Мемлекет басшысы Үрдін Королінің бітімгершілік қыз­метін жоғары бағалап, оған «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін» халықаралық сыйлығын табыс етті.
– Бұл – Сіздің еңбегіңізге берілген баға. Сонымен қатар Сіз­дің қақтығыс туындағанда бітім­герлік рөліңізді одан әрі жал­ғастырады деп сенеміз», – деді Н.Назарбаев.
Өз кезегінде Иордания Королі ІІ Абдалла Н.Назарбаевқа Қа­зақстанға шақырғаны үшін ал­ғыс айтып, табысталған ма­ра­­патқа ризашылық білдірді. ІІ Абдалла екі ел арасындағы қарым-қатынастың сенімге не­гіз­делгенін айрықша атап өтіп, Қазақстан Президентінің халық­аралық қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеудегі маңызды рөліне тоқталды.
– Біз Сіздің әлемді одан әрі жақсарту және қауіпсіз ету мақ­сатындағы рөліңізді өте жо­ғары бағалаймыз. Сіздің көш­бас­шы­лы­ғыңыз баршамыз үшін аса ма­ңызды, – деді Үрдін Королі.
Екеуара келіссөзден кейін Үрдін Королі мен Қазақстан Президенті бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг өткізді. Кездесуді қорытын­ды­лаған Елбасы Қазақстан мен Үрдін арасын­дағы екіжақты қарым-қатынастың даму қар­қынын ерекше атап өтті.
– Ең алдымен Үрдін Королі II Абдалла ибн Хусейнге менің шақыртуымды қабыл алып, Қазақстанға кезекті рес­ми сапа­рымен келгені үшін шы­найы ризашылығымды біл­ді­ремін.
Біз Үрдін елінің Таяу Шы­ғыс­­тағы, жалпы Араб әле­мінде маңызды рөлге ие болып отырған халықаралық қоғам­дастықтың белді мүшесі ретінде қарастырамыз. Келесі жылдың ақпан айында екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қаты­нас­­­тың орна­ғанына 25 жыл то­лады. Соның қарсаңында кез­десіп отырға­нымыздың мәні өте үлкен. Ширек ғасырда ел­деріміз түрлі салалардағы бай­ланысын дамытып, достық және сенім қарым-қатынасын орнатты. Бұл Король II Абдалланың Қазақстанға деген ыстық ықы­ла­сының арқасында жүзеге ас­қан үлкен келісім, – деді Президент Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы Үрдін елінің Астана процесін­де­гі рө­лін ерекше атап өтіп, оның бақылаушы ел ре­тінде Си­риядағы ахуалды тұ­рақ­тан­­дыруға зор үлес қосып отырғанын айтты. Сонымен қатар Н.Назарбаев екі ел ара­сындағы сауда-экономи­ка­лық және инвестициялық қарым-қатынас­тардың даму барысына тоқталды.
– Тасымалдау бағасы экспорт және импорт операцияларына әсер етіп отыр. Соған орай тиімді көлік-логистика арналарын же­тілдірудің маңыздылығы тура­лы әңгіме өрбіттік. Біз Қазақ­стан – Түрікменстан – Иран және Әзербайжан – Гүржістан – Түркия бағыттары бойынша ашыл­ған темір жолды пайдалану мүмкіндігін қарастырдық, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті екі­жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолындағы бірқатар экономикалық маңызды бағыт­тарды әңгімелеп берді. Елба­сының сөзіне сәйкес, ауыл шаруашылығында тиімді әріп­тестік орнатуға мүмкіндік мол.
– Қарым-қатынасымызды ны­­ғайту үшін ауыл шаруа­шы­лығы саласының әлеуеті зор. Мысалы, Қазақстан Үрдін еліне ауыл шаруашылығы мен мал өнімдерін жеткізсе, Үрдін елі қыс және көктем айларында біздің елге көкөніс пен жеміс экспорттай алады, – деді Н.Назарбаев.
Өз кезегінде ІІ Абдалла қонақжайлық көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне тағы да алғыс айтып, бүгін тапсырылған марапат барша Үрдін хал­­қының еңбегіне берілген баға екенін жеткізді.
– Бұл марапаттың атауы мен үшін өте маңызды. Өзекті халықаралық сын-қатерлерді еңсеру мәселесі бойынша Қа­зақ­станның жаһандық ұста­нымы бар. Қазақстан – жаһан­дық ынтымақтастықтың көш­бас­­шысы, – деді Үрдін Ко­ролі.
Үрдін Королі ІІ Абдалла Қазақстанның ядролық қару­сыз­­­дану мен жаһандық бей­біт­шілікті сақтау жолында атқа­­рып отырған шараларына на­зар аударды. Бұдан бөлек, Үрдін Королі Астанада Сирия мәсе­лесі бойынша өтіп жатқан келіс­сөздердің нәтижелерімен бөлісіп, Қазақстанның әлемдік тер­роризммен және діни экстре­мизммен күрес жүргізуге ба­рын­ша күш салып отырғанын айт­ты.
Сөз соңында ІІ Абдалла екі ел арасындағы қарым-қатынастың нығая түсіп, бұдан да жоғары деңгейге жететініне сенім білдірді. Иордания Королі ІІ Абдалланың Қазақстанға ресми сапарының қорытындысы бой­ын­ша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Олар:
– Қазақстан Республикасы мен Үрдін Хашимиттік Ко­рольдігі арасындағы Адам­дарды ұстап беру туралы келісім;
– Қазақстан Республикасы мен Үрдін Хашимиттік Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісім;
– Қазақстан Республикасы мен Үрдін Хашимиттік Корольдігі арасындағы Қыл­мыс­тық істер бойынша өзара көмек көрсету туралы келісім;
– Қазақстан Республикасы­ның Үкіметі мен Үрдін Ха­ши­миттік Корольдігінің Үкі­­меті ара­сындағы Азамат­тық қор­ға­ныс, төтенше жағдай­лар­дың ал­дын алу және оларды жою са­ла­­сындағы ынтымақ­тастық ту­ра­лы келісім;
– Қазақстан Республика­сы­ның Үкіметі мен Үрдін Хаши­миттік Ко­роль­ді­гінің Үкіметі ара­сын­дағы Тер­роризм­ге, ұйым­­­дасқан қылмысқа, есірткі құрал­­дарының, психот­роп­тық зат­тар­дың, олардың пре­кур­­сор­­­­ларының заңсыз ай­на­лы­мына және қыл­мыстың өзге де түрлеріне қарсы күрес сала­сын­дағы ынтымақ­тастық туралы келісім.

Орынбек ЖОЛДЫБАЙ,
«Президент және Халық»

Жауап қалдыру