Сенім мен түсіністік

0
107

Қазақстан Президенті 10-қа­зан­да Беларусь Рес­публи­ка­сы­ның астанасы Минск қа­ла­сын­да болды. Онда ТМД мемлекет басшыларының ке­ңе­сі­не, сондай-ақ Еуразия­лық эко­но­микалық қоғамдастық­тың Мем­ле­кет­аралық кеңесіне және Жо­ғары Еу­разиялық эконо­мика­лық ке­ңес­тің мемлекет басшылары дең­гейін­дегі отырыстарына қа­тыс­ты.
Орынбек ЖОЛДЫБАЙ, «Президент және Халық»

Қазақстан Президенті алдымен ТМД Мемлекет бас­шыла­ры ке­ңе­сінің шағын құ­рам­дағ­ы, одан кейін ке­ңейтіл­ген құ­рам­да­ғы оты­рыс­тарына қа­тыс­ты. Оты­рыс­қа Қа­зақ­стан Пре­зи­ден­тінен бас­қа Әзер­бай­жан­нан – И. Әли­ев, Арме­ния­дан – С. Сарг­сян, Қыр­ғыз­стан­нан – А. Атамбаев, Мол­до­вадан – Н. Тимофти, Ресей­ден – В. Путин, Тә­жік­стан­н­ан – Э. Рахмон, Тү­рік­мен­стан­­нан – Г. Бер­ды­мұ­ха­медов, Өз­бек­стан­нан – И. Каримов, сондай-ақ Украи­на­ның Беларусь Республика­сын­да­ғы Ел­ші­сі М. Ежель қатысты.
Отырыс барысында Дос­тас­тық­қа қа­ты­су­шы мем­ле­кет­тер­дің өз­ара іс-қи­мы­лы­на бай­ла­ныс­ты негізгі жайттар тал­қы­лан­ды. Сондай-ақ өзара мүд­де­лі­лік танытатын өзек­ті мә­се­ле­лер мен ын­ты­мақ­тас­тық­ты көп­жақ­ты форматта дамыту ба­ғыт­та­ры жөнінде пі­кір ал­ма­сыл­ды.
ТМД Мемлекет басшылары ке­ңе­сі­нің ке­ңей­тіл­ген құ­рам­да­ғы отырысында сөй­ле­ген сө­зін­де Нұрсұлтан Назар­баев ТМД-ға төрағалық 2015 жылы Қа­зақ­стан­ға өтетініне тоқ­та­лып, со­ған орай біз­дің ел­дің төр­аға­лы­ғын­да ба­сым­дық бе­рі­ле­тін бір­қа­тар мә­се­ле­лер­ді атады.
– Негізгі мәселелер­дің бі­рі – Дос­тас­тық­та­ғы сенім мен өз­ара тү­сі­ніс­ті­кті ны­ғай­ту, ТМД ке­ңіс­тігіндегі тұ­рақ­ты­лық пен қауіп­сіздікті қолдау­ға ба­ғыт­талған бастамаларға ат­салысу. Елдеріміздің көп­жақ­ты форматтағы ын­ты­мақ­тас­ты­ғын­да­ғы өзекті мә­селелер­ді шешуде Дос­тастықтың рө­лін арт­ты­ру маңызды. Та­ғы бір ма­ңыз­ды ба­ғыт – өз­ара сауда-эконо­ми­ка­лық іс-қи­мыл­ды арттыру. Бұл тұр­ғы­да Ер­кін сауда ай­ма­ғы туралы Шарт­тың әле­уе­тін кө­те­ру де қа­рас­ты­ры­­ла­ды. Өнер­кә­сіп­те­гі, энергетика, кө­лік, аг­рар­лық және бас­қа да экономика салала­рын­да­ғы ын­ты­мақ­тас­тық­ты жандандыру жө­нін­де шаралар қабылданатын болады, – де­ді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы ғы­лым, бі­лім, спорт, туризм, жастар саясаты салаларын қамти отырып, мә­дени-гуманитарлық байланыстарды нығайтудың қа­жет­ті­гін айтты. Ол сондай-ақ 2015 жылды Ардагерлер жылы деп жариялау туралы шешімнің өте ма­ңыз­ды екенін атап өтті.
– Тағы бір маңызды аспек­ті­нің бі­рі Ұлы Отан со­ғы­сын­да­ғы Же­ңіс­тің 70 жыл­ды­ғын бір­ле­сіп мерекелеу бол­мақ. Бұл біз­дің ортақ тари­хы­мыз­ға қа­тыс­ты оқиға бол­ған­дық­тан, Же­ңіс ме­рей­тойын лайық­ты дең­гей­де өт­кі­зу­ге тиіспіз. Қа­за тап­қан­дар мен көзі тірі ардагерлер­ге құр­мет көрсету қа­жет. Бү­гін Дос­тас­тыққа қатысу­шы мем­ле­кет­тердің халық­та­ры мен әлем жұрт­шы­лы­ғына Же­ңіс­тің 70 жыл­дығына орай Үн­деу қа­был­дау соның жарқын кө­рі­нісі болып саналады. Ол біз­дің ха­лық­та­рымыздың соғыс­тың ауыр жыл­да­рын­дағы бірлігі мен қа­һар­ман­ды­ғын көрсетеді, – деді Нұр­сұл­тан Назарбаев.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев ұйымның таяп келе жат­қан 25 жыл­дығы қарсаңында ТМД-ны әрі қарай дамыту Тұ­жы­рым­дамасын әзірлеу­дің қа­жет­тігі­не та­ғы бір рет назар аударды.
***
ТМД Мемлекет басшылары ке­ңе­сі­нің отырысы барысында мем­ле­ке­та­ралық ын­ты­мақ­тас­тық­ты түр­лі салаларда да­мы­ту­ға ба­ғыт­тал­ған бір­қа­тар құ­жат­тар­ға қол қойылды:
– Мемлекет басшы­ла­ры­ның – Тә­уел­сіз Мемлекеттер Дос­тас­ты­ғына қа­ты­сушы­лар­дың Дос­тас­тық­қа қа­ты­су­шы мем­ле­кет­тер­дің ха­лық­тары мен әлем жұрт­шы­лы­ғы­на кеңес хал­қы­ның 1941 – 1945 жыл­дар­да­ғы Ұлы Отан со­ғысын­да­ғы Же­ңі­сі­нің 70 жыл­ды­ғына орай Үн­деуі;
– «Достастықтың мәдени астаналары» Мемлекетара­лық бағ­дар­ла­ма­сын 2015 жылы Ресей Федерациясы мен Тәжік­стан Рес­пуб­ли­ка­сында жүзеге асыру жә­не сәйкесінше Воронеж бен Ку­ляб қалаларын Тәуелсіз Мем­лекеттер Достастығының 2015 жыл­ғы мәдени астаналары ре­тін­де жариялау туралы ше­шім;
– 2016 жылды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында­ғы Бі­лім жылы деп жариялау туралы ше­шім.
***
Қазақстан Президенті құ­жат­тарға қол қою рәсімінен кейін ТМД Мемлекет басшылары ке­ңе­сі­нің отырыс қо­рыт­ын­дысына ар­налған брифингіне қа­тысты.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшыларының кез­де­суі же­міс­ті болғанын, оның қоры­тындысы бойынша ма­ңыз­ды құ­жат­тар­ға қол қойыл­ға­нын атап өтті.
– Олар Достастық аясындағы ын­ты­мақ­тастықтың әрі қарай дамыту үшін жақсы негіз қалайды. Қазақстан 2015 жылы ТМД-ның барлық жарғылық ор­гандарында төрағалық ету мін­де­тін қабылдай отырып, Ке­ңес­тің келесі отырысына дайындалатын болады. Біз оны Астанада өт­кі­зуге келістік, – деді Қа­зақ­стан Президенті.
Мемлекет басшысы біздің елі­міз жұмысты сабақтастық қа­ғи­даты негізінде құруға ниетті екенін атап айтты.
– Дос­тас­тық­тағы сенім мен өза­ра іс-қи­мылды нығайту жө­нін­де­гі бастамаларды жү­зе­ге асыру­ға атсалысатын боламыз. Біз­дің көп­қыр­лы ын­тымақ­тас­ты­ғы­мыз­дың өзек­ті мә­се­ле­ле­рін ше­шу­де­гі ТМД-ның рө­лін арт­тыр­ған жөн. Өз төр­аға­лы­ғы­мыз­да­ғы ма­ңыз­дың міндеттің бі­рі Ұлы Отан со­ғысын­дағы Же­ңіс­тің 70 жыл­ды­ғын лайықты дең­гей­де бірлесіп мерекелеу және ардагерлерге құр­мет көр­сету деп санаймыз. Ұлы Же­ңіс­тің 70 жыл­ды­ғы­на орай бүгін қа­был­дан­ған Үн­деу­ді біз толық қол­дай­мыз, – де­ді Нұрсұл­тан На­зар­баев.
Қазақстан Президенті жалпы ал­ғанда барлық мемлекет бас­шы­лары оты­рыс­тың қо­ры­тын­дысына қанағат­та­ну­шы­лық біл­дір­геніне назар аударды жә­не қа­был­данған шешімдер мен қол қой­ылған құжаттар елдер­дің ара­сын­дағы ынты­мақ­тас­тық­ты одан әрі дамытуға үлес қо­саты­нын атап өтті.
***
Бұдан кейін Мемлекет басшысы ЕурАзЭҚ Мемлекет­ара­лық кеңесінің отырысына қа­тыс­ты. Отырыс барысында 2015 жыл­ғы 1 қаңтардан Еуразия­лық экономикалық одақтың іске кі­рі­се­тіндігіне байланысты жұ­мы­сы тоқтатылатын ЕурАзЭҚ қыз­ме­ті­нің қорытын­ды­ла­ры шы­ға­рыл­ды. Қазақ­стан Пре­зи­ден­ті де өзге елдер­дің басшылары секілді ЕурАзЭҚ-тың жұ­мы­сын тоқтату жө­нін­де пі­кір білдірді. ЕурАзЭҚ ая­сын­да­ғы 151 келісімнің 87-сі сақ­та­ла­тын­дығын айтты. Оты­рыс­тың қо­ры­тын­дысы бойынша ЕурАзЭҚ қызме­тін тоқ­та­ту туралы Ше­шім­ге қол қойыл­ды.
Сапар аясында Мемлекет бас­шысы Қырғыз­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Президен­ті Алмазбек Атам­баевпен кездесті.

Жауап қалдыру