Сенім грамоталарын қабылдады

0
138

Рәсім барысында мемлекет басшысына Шведия Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Матс Фойер, Куба Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Эмилио Певида Пупо, Үндістан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумар, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Майкл Джон Гиффорд сенім грамотасын тапсырды.
Мемлекет басшысы рәсімге қатысушыларды Қа­зақстандағы дипло­ма­тиялық миссияларының рес­ми түрде басталумен құттықтап, олар­дың жа­уапты әрі мәрте­белі мис­­сиялары елдеріміз ара­­сындағы ынтымақ­тас­­тықты жан-жақты да­мытуға септігін тигізеті­ніне сенім білдірді.
– Сіздердің жұмыстары­ңыз қызықты және жауапты кезеңге тұспа-тұс келіп отыр. Технологиялық революция жаңа сын-қатер әкелумен қатар, кез-келген елдің дамуында серпіліс жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан Қазақстан халқына «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағда­йындағы дамудың жаңа мүм­кіндіктері» атты Жолдауымды жарияладым, – де­ді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті әлемнің озық дамыған 30 елінің қатарына қосылуды жеделдету үшін қажетті заманауи технологияларды пайдаланудың ма­ңыздылығын атап өтті.
– Мен Жолдауда экономиканы, әлеуметтік саланы, сондай-ақ мемлекеттік басқару ісін дамытудың негізгі бағыттары бойынша нақты он міндет қойдым, – деді мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық­аралық аренада белсенді позиция ұстанып келе жатқанын айтты.

 

Жауап қалдыру