Сайлауға жұмсалатын қаржы сомасы қанша?

0
223

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Әлиxан Смайылов президенттік сайлауға жұмсалатын қаржының нақты сомасын атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
– Министрлер кабине­тінің отырысында біз Үкі­меттің резервінен сай­лауды өткізуге 9,4 миллиард теңгені бөлуге шешім қа­былдадық. Атал­ған қа­­ра­­жат республика бо­йынша ашылатын 10 мың­ға жуық сайлау учаске­­сінің жұмы­сын ұйым­дас­тыруға жұмса­лады. Ол жер­лерде 70 мыңға жуық адам істейді. Әрине, ол қаржының басым бөлігі сай­лау учаскелерінде жұ­мыс істейтін адам­дардың жалақысына бағыт­­та­ла­ды, – деді Ә.Сма­йы­лов.
Оның айтуынша, бас­тапқы сома аймақ­тардан түс­кен тапсырыс­тардың негі­зінде жасалған болатын. Артынан Үкімет әр­бір аймақта ашылатын сай­­лау учаскелері мен ол жерде жұмыс істейтін адам­дардың санын нақ­тылады.
– Сөйтіп, 9,4 миллиард теңге көлеміндегі соманы шығардық, – деп атап көрсетті Ә.Смайылов.
Айта кетейік, Үкіметтің отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин негізгі капиталға салынатын инвестициялар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Алдағы уақытта Үкімет шетелдік инвестицияларды тартудың жаңа тәсілдерін талқылайды. Ал «Самұрық-Қазына» қо­ры­ның басшысы Аxмет­жан Есімов шетелде қор­дың активтерін бұ­ғат­тау мәселесін көтер­ді.

Арман АСҚАРОВ

Жауап қалдыру