Сайлауға электораттың 77,4% қатысқан

0
142

Сонымен екі айға созыл­ған саяси науқан аяқтал­ды. Оның қорытындысы бо­йын­ша Қасым-Жомарт То­қаев 6 539 715 дауыс не­месе сай­лаушылардың 70,96 па­йыз дауысын жинап Қа­зақ­стан Президенті атанды.
Өзге кандидаттардың алған дауысы мынадай: Жамбыл Ахметбеков 1,82% (167 649 дауыс), Дания Еспаева 5,05% (465 714 дауыс), Әміржан Қосанов 16,23% (1 495 401 дауыс), Төлеутай Рахымбеков 3,04% (280 451 дауыс), Амангелді Таспиховқа 1,98% (182 898 дауыс), Сәді-Бек Түгел 0,92% (84 542 дауыс). Бір қызығы, кандидат Сәді-Бек Түгел жинаған дауыс үміткер ретінде тіркелген кезде талап етілген 120 мың қолға да жете алмаған.
Орталық сайлау комиссия­сының дерегінше, бұл жолғы саяси додаға сайлаушылар тізіміне тіркелген 11 960 364 азаматтың 9 261 460-ы немесе жалпы сай­лау­шылардың 77,4 пайызы қатыс­қан.

Жауап қалдыру