Өркениеттер қақтығысына жол бермейік

0
90

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 10 қазан күні Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезінің пленарлық отырысына қатысты.
Нұрсұлтан Назарбаев съезд делегаттары алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанның осы шараны өткізу жөніндегі бастамасына қолдау көрсетіп, оған атсалысып келе жатқан дін көшбасшыларына, ха­лықаралық ұйым өкіл­деріне, саясаткерлер мен сарапшыларға зор риза­шылығын білдірді.
– Алғашқы тарихи съезден бері 15 жыл уақыт өтті. Бүгін біз алтыншы рет бас қосып отырмыз. Әлемдік және дәс­түрлі діндер көш­бас­шы­л­арының съезі елор­дамыз­дың бойтұ­ма­рына айналды деуге бола­ды. Себебі, біз Астананы барлық мәдениеттер үшін ашық әрі болашақтың еуразиялық қаласы ретінде салдық, – деді Қазақ­стан Президенті.
Мемлекет басшысы бітім­гершілік, серіктес­тік, толеранттылық, жа­сам­паздық идеяларын жаһан­дық деңгейде ілгері­лету жолында Қазақ­станның жұмсаған күш-жігері мен елорданың рөлі жөнінде айтты.
– Ғылыми-техноло­гия­лық прогрестің дамуы барысында өркениетаралық қақтығыстардың жөнсіздігі айқын көрінеді. Дәл қазір болашақ адамзаттың бет-бейнесі қалыптасуда. Ке­лер ұрпаққа ортақ пла­нетамызды қандай күйде тапсыра аламыз – өркениетіміздің басты проблемасы осы. Біздің үшінші мыңжылдықта өмір сүріп жатқанымызға 18 жыл болды, алайда бейбітшілік, бақ-береке мен молшылық адамзат дамуының негізгі үрдіс­іне айнала алмады. Әлем­дік қоғамдастық өзара сенім­сіздіктің, жек көруші­лік пен қақтығыстың иірімінен шыға алмай келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Дастан ҚАДЫР,
«Prezident & Halyq»

Жауап қалдыру