Әріптестікті кеңейткен кездесу

0
180

Үстіміздегі жылғы 21-22 көкек күндері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақы­руымен Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин елімізде мемлекеттік сапармен болды. Мемлекет басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жасап, Қазақстан мен Оңтүстік Корея бизнес-форумына қатысты. Жүргізілген келіссөздердің қорытындысы БАҚ өкілдері үшін өткізілген брифингте мәлімделді.
Журналистер алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Ин бастаған оңтүстік кореялық делегацияны қонақжай қазақ жерінде қабылдау үлкен мәртебе деп атап, бұл мем­лекеттік сапардың екі елдің стратегиялық қа­рым-қатынастарының он жылдығына орай өтуі өзін­дік мәнге ие екенін айтты.
Мемлекет басшысы сау­да-экономикалық байла­ныс­­тарды нығайтудың ма­ң­ыз­дылығын атап өтіп, бұл жұмыстардың негізгі ба­сым­дығы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында бүгін қол қойылған «Самал жел» жаңа экономикалық ынты­­­мақтастық бағдар­ла­ма­­сында көрініс тап­қанын айт­ты.
– Біздің елдеріміз қазір­дің өзінде машина жасау, жол құрылысы және инф­рақұрылым, ауыл шаруа­шылығы, қаржы секторы, денсаулық сақтау, ақпараттық және ком­му­ни­кациялық технология са­лалары бойынша ірі жобаларды жүзеге асырып жатыр. Корея бизнесінің ынты­мақтастықты жан­дандыруға мүдделілік танытуы қуан­тады. Бүгінде 500-ден астам бірлескен кәсіпорын Қазақ­стан аумағында белсенді жұ­мыс іс­тейді. Бұлар­дың қа­тары арта түседі деп ой­лай­мын, – деді Қасым-Жо­март Тоқаев.
Брифинг барысында Қа­­зақ­стан Президенті елі­міз­дің кореялық инвестиция­лық техно­логияның ен­гізілуіне мүд­делілігін тағы да нақ­тылады. Сондай-ақ, сау­да-эко­номикалық және ғылыми-технологиялық ын­­­­ты­­­­­­мақ­тастық жөніндегі үкі­мета­ралық комиссияның жұмысын жандандыруға қатысты уағдаластық туралы және Нұр-Сұлтан қа­ла­сында Қазақстан – Оңтүстік Корея халық­ара­лық IT-орталығын ашу жөнінде айтты.

Жауап қалдыру