Президент сайлауына 3 күн қалды

0
203

Алдымыздағы жексенбі, 9 маусым күні Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Бүгінде саяси додаға қатысатын 7 үміткер соңына таяп қалған үгіт-насихат жұмыстарын қызу жүргізуде.
Айталық 4 маусымда ҚР Президенттігіне кандидат Аманкелді Таспиховтың Түр­кістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штабының мүшелері «Таған» ЖШС ас­фальт зауыты ұжы­­мы­мен кездесті. Зауыт еңбек­керлерімен өткен жиынға жалпы 40 адам қатысты. Құрылыс материалдарын шығарумен айна­лысатын кәсіпорында 70 адам жұмыс істейді, оның ішінде 15 офистік қызмет­кер, 5 учаске басшысы, 25 жол жұмысшысы, 23 меха­ни­затор мен жүргізуші, 2 қарауыл бар. Жиында үміт­кердің сенімді өкілі Серік Әуесханов Қазақстан Респуб­­ликасының Президент­тігіне үміткер Аманкелді Таспи­ховтың өмір­баянымен, сайлауалды тұғырнамасымен та­ныс­тырып, сайлауда әр аза­маттың дауысы маңызды екенін жеткізді. Ол кандидат тұғырнамасында көрсетілген қарапайым жұмысшы мәр­тебесін көтеруге бағыт­тал­ған ұсыныстарды ортаға салды.
Ал үміткер Әміржан Қосанов штабы Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында сайлауалды штабта сайлау күні учаскелерде дауыс беру процесін қадағалайтын бақылаушылар үшін семинар өткізді. Іс-шараның модераторы және тренері болған саясаттанушы Дос Көшім бақылаушылардың құқық­тары мен міндеттері, сайлау кезінде орын алуы ықтимал түрлі жағдайлардағы әрекет­тері жайлы түсіндірді. Соны­мен қатар, ол Семей қа­ласының жергілікті тұрғын­дарымен кездесті. Еліміздің барлық өңірлерінде болашақ байқаушылар бұл процеске шынайы қызы­ғушылық танытуда.
ҚР Президенттігіне кандидаттарды бірі Сәдібек Түгел Атырау қаласында сайлаушылармен кездесті. Жайық жағасында орналасқан мұ­най­лы қаладағы кездесуде Сәдібек Түгел ұлттық құн­дылықтар жөнінде әңгі­мелеп, сайлауалды бағ­дарламасын таныстырды. Үміткер тұғыр­намасында көрсетілген бас­ты міндеттерге ерекше тоқ­талды. Сондай-ақ, жиында ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері Ынтымақ Құлтасов, Клим Губашев, Асан Қара­моншақовтар сөз алып, кандидат ағдарламасындағы ел болашағын айқындауға қа­жетті басым бағыттар жайында айтып берді. Сонымен қатар, кездесу аясында «Ұлт­тық құндылық­тарды ұлық­таймыз» атты қолөнер­шілер көрмесі ұйымдас­тырыл­ды. Жи­налғандар алдында домбыра бойынша Тұрлан Бисембаев, суретшілер Лаура Тілекбай, Мұрат Ерғалиевтар шеберлік сабағын өткізді.
«Ақ жол» партиясынан ұсы­нылып отырған Дания Еспаеваның республикалық штабы мен партияның Қызы­лорда облыстық филиалы Қызылорда қаласындағы Сту­­дент­тер сарайында «Қа­зақ­стан халқының рухани-мәдени саласын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиынға «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, ақын Қазыбек Иса мен партия төрағасының орынбасары Д.В. Васильев қатысып, сөз сөйледі. Ашық пікір алаңы ретінде өткен жиынға ҚР Президенттігіне үміткер Д. Еспаеваның аймақтық шта­бы мүшелері, БАҚ өкіл­дері қатысты. Басқосуда Қы­зылорда облысының «Рухани жаңғыру» орталығы жетекшісі, Қорқыт ата атындағы ҚМУ тарихшылары мен оқы­ту­шылары баяндама жа­сап, ой-пікірлерін білдірді. Дөңгелек үстелде «Ақ жол» партиясының «Руxани жаңғыру» бағдарламасы аясында  атқарған істері, ұлттық мүдденің қорғалуы, мемлекеттік тілдің дамуы, мәдениеттің мәйекті мәселелері қозғалды. Білім саласындағы қор­да­лан­ған мәселелер де өткір айтылды. Жиынға Қазақстандағы президент сайлауын қадаға­лайтын xа­лық­аралық бақы­лаушылар тобы да қатысты.
Президентікке үміткер Қа­сым-Жомарт Тоқаев респуб­ликалық штабының өкіл­дері Ақтөбеде бірқатар кездесулер өткізді. Өзін-өзін жұмыспен қамтыған ақтөбеліктермен кез­десуде президенттікке кан­­дидат Қасым-Жомарт То­қаев­тың сайлауалды бағдар­­ла­ма­сын­дағы жұмыс­пен қам­ту мәселесі сөз болды. Соның бірі – «Алтай» сау­да орталығында болған жүздесу. Оған 120-дан астам саудагер, кәсіпкер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат қатысты. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі Нұрлыбек Жүсіпов кандидаттың сайлауалды бағдарламасының жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашуға қатысты кейбір тармақтарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Сондай-ақ, кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенім білдірген өкілдері Ақтөбеде 100-ден астам мүмкіндігі шектеулі жанмен кездесті. Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі Елеусін Сағындықов кандидаттың сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп, оның кәсіби шеберлігін, біліктілігін көрсететін өмірінің кейбір тұстарын әңгімеледі.
Ал үміткер Жамбыл Ахметбеков Өскемендегі экономика және қаржы колледжінің оқытушы-профессорлар құ­ра­мымен және студенттерімен кездесті. Жамбыл Ахметбеков Қазақстан коммунистік халық партиясы ҚР Парламенті Мәжілісінен орын алып отырған саяси ұйым екенін және мемлекеттік деңгейде халық мүддесін қорғайтынын айтты. Бұдан кейін спикер сайлауалды тұғырнаманың басым бағыттарын таныстырып, тұғырнама коммунистік идеология ұстанымдарынан бастау алатынын тілге тиек етті. Жамбыл Ахметбеков аталмыш партияның АӨК өнімдеріне тұтынушылық сұранысты арттырумен бірге кедейлікпен күрес бағдарламасын қабылдау, оны іске асыру және отандық тауарға сұранысты арттыруды бірнеше рет ұсынғанын және оның жүзеге асырылуы үшін жұмыс істейтінін атап өтті. Кездесу соңында спикер сайлаушыларды 9 маусым күні өтетін кезектен тыс президент сайлауына белсене қатысып, лайықты үміткерге дауыс беруге шақырды.
Ауылды көркейтуді басты мақсаты санайтын Төлеутай Рақымбеков Алматыда бір­қатар кездесу өткізді. Жұмыс сапарын Төлеутай Рақымбеков Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институтын аралаудан бастады. Сонымен қатар, үміткердің штабы арнайы көрмені, жатақханаларды, химиялық талдау зертханасын тамашалады. Қазақ инженерлік институтында президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков сайлаушылармен кездесіп, сұрақтарына жауап берді. Ол Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамытуды ұсынды. Сонымен қатар жол, су, электр қуаты, байланыс, интернет мәселесі өзекті екенін жеткізді. Жиналғандар үміткерге алаңдатқан сұрақтарын қойды. Алматы облысында Президенттікке үміткер «Қаскелең» агропаркін, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу орталығын аралап көрді. Әрбір нысанда Төлеутай Рақымбеков өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

ҚазАқпарат

Жауап қалдыру