Павлодарға көшіп келетін халықты қолдау күшейтілуі қажет

0
192

Үстіміздегі жылғы 27 көкекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысында жұмыс сапарымен болды. Мемлекет басшысы сапар аясында облыс жұртшылығымен кездесіп, Павлодар мұнай-химия зауытына, Жастар бастамаларын дамыту орталығына, Назарбаев зияткерлік мектебіне барды
Жұртшылықпен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы еліміздің дамуына зор үлес қосып отырған ірі өндірістік өңір­лер­дің бірі екенін атап өтті.
– Тәуелсіздік жылдары Ертіс өңірінің экономикалық әлеуеті едәуір нығайды. Сіздердің облыстарыңыз Қазақ­станның өнеркәсіптік және энергетикалық флаг­ман­дарының біріне айналды. Елбасы ұсынған индустрияландыру бағдар­лама­сының арқасын­да өңірде құны 988 миллиард теңге болатын 90 жоба жүзеге асырылды. Бұл жобалар жанармай-энергетикалық кешенін, мұнай-химия, металлургия және басқа да салаларды қамтиды, – Қазақстан Президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыс басшыларының назарын халықтың әл-ауқатын арттыруға байланысты мә­селелерге аударды.
– Павлодар облысы ауыл­дарды ауызсумен қам­та­масыз ету жөнінен еліміз бойынша көрсеткіші ең тө­мен өңірлердің бірі. Бұл мәселені жүйелі түрде жедел шешу керек. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында 2018 жылы сумен жаб­дықтау және су тарту жүйе­лерін жаңғырту үшін рес­публикалық бюджеттен 2,7 миллиард теңге қаржы бө­лінді. Үкімет пен әкімге әр­бір бөлінген теңгеге қатаң ба­қылау жасауды тапсырамын. Сонда ғана халықты су­мен қамтамасыз ету ісін уақтылы және тиімді шеше аламыз, – деді Мемлекет бас­шысы.
Мемлекет басшысы облыс әкіміне Үкіметпен бірле­сіп, Жастар жылы аясын­дағы Жол картасында қа­рас­тырылған шараларды жүзе­ге асыруды тапсырды.
– Бізге жұмыспен қам­ту саласындағы іс-қимыл­дар­ды жандандыру керек. Сондай-ақ, жұмыс күші көп аймақтардан көшіп келетін халықты қолдау шараларын күшейтуіміз қажет. Бү­гінде облыстың жыл са­йынғы жұмыс күшіне деген қажеттілігі 25 мыңнан ас­там адамға жетті. Мұны ше­шудің жолы – қолайлы инфра­құ­рылымдар, қолжетімді және жалға берілетін баспаналар құрылысы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұдан кейін Павлодар мұнай-химия зауытына барған мемлекет басшысына кәсіпорынның қазіргі уақытта автомобиль жанармайын, реактивті двигательдерге арналған жанармай отынын, дизельді және қазандық отынын, өзге де мұнай өнімдерін, сондай-ақ, коммуналдық-тұрмыстық мақсатта газ өндіретіні туралы баяндалды. Зауыттың жылдық қуаты – 5,1 миллион тонна. Оның өнімдері ішкі нарыққа жеткізіледі, сонымен қатар, Ресейге, Өзбекстанға, Қытайға, АҚШ-қа, Нидерланд еліне, Италияға және Украинаға экспортталады.
Жастар бастамаларын дамыту орталығында президентке орталықтың аймақ жастарына жұмысқа орналасу, мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламаларына қа­­­ты­су, кәсіпкерлікті да­мы­­ту мәселелері бойын­­ша ақ­параттық-кон­суль­тация­­лық көмек көр­се­­тетіні айтыл­ды.

Жауап қалдыру