Ортақ тарихи тамыр біріктірген бауырластық

0
80

Кеше ҚР Президенті Қа­сым-Жомарт Тоқаев елі­міз­­ге ресми сапармен келген Ма­жарстан Премьер-Минис­трі Виктор Орбанмен кездесті.
Мемлекет басшысы бұл, Нұр-Сұлтан мен Будапеш ара­сындағы ынтымақ­тас­тықты нығай­туға деген екі ел­дің ұмты­лысын көрсе­тетін­дігін баса айтты.
– Біз Мажарстанды Ор­та­­лық және Шығыс Еуропа аймағындағы, Еуро­па­лық одақ аясындағы негізгі әріптесіміз санаймыз. Елдерімізді саяси және эконо­микалық мүд­де­лерімізбен қа­тар халық­тарымыздың ортақ тарихи та­мыры бірік­­тіре­­­тіндігін ай­рық­ша ризашы­лық­пен атап өтемін. – деді Қасым-Жомар Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қа­зақ­стан тарапы екі ел­дің экономикалық даму­ына септігін тигізетін инвес­тициялық жобалардың санын арттыруға мүдделілік танытатындығын баса айтып, мажарлық іскерлік топ­тарды еліміздегі қызмет­терін жандандыра түсуге шақырды.
– Ол үшін елімізде қа­жетті барлық жағдай жа­сал­ған. Қолайлы инвес­ти­ция­лық және іскерлік ахуал қалыптасып, әлем­дік деңгейдегі қыз­мет­тер­­ді ұсынатын «Астана» Ха­лы­қаралық қар­жы орта­лығы табысты жұмыс істеп тұр. Еуразиялық эконо­микалық одақтың бірыңғай на­ры­ғына және Қытайдың алып нарығына тікелей енуге мүмкіндік бар. Біздің елор­­даларымыздың арасында тікелей әуе бағдары ашылған. Бұл бағдар қазақ­стандықтардың ара­сында үлкен танымалдылыққа ие, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
2018 жылдың қорытын­ды­сында екі елдің арасындағы тауар айналымы 139,2 млн долларды құрады. Мажар­станның «Сечени» ұлттық кі­тап­ханасында Қазақ әде­биеті мен мәдениеті орта­лығы ашылған. Сонымен қатар қазақ тілі Сегед ғылыми университетінде оқытылады. Жалпы жыл сайын мажар тарапы қазақстандық студенттерге 25 білім грантын бөледі. Бүгінде бұл елде 500-ден астам қазақ жасы білім алуда.

Марлан ЖИЕМБАЙ

Жауап қалдыру